БІР МҰҒЖИЗА: БАХРЕЙНДЕГІ БІР ТАЙПАНЫҢ МҰСЫЛМАН БОЛУЫ
БІР МҰҒЖИЗА: БАХРЕЙНДЕГІ БІР ТАЙПАНЫҢ МҰСЫЛМАН БОЛУЫ
31.08.2021 10:26
397
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Егер бір кісі саған сендегі бар нәрсені білгендіктен бетіңе басып сені айыптаса, сен оған қайтарып, онда бар болған білген нәрсеңмен айыптама. Өйткені, мұның обалы (күнәсі) оның мойнына». («Сүнән Әбу Дәуід»)

Хажар (Бахрейн) жақта Абд ул-Қайс жұртынан Мунқиз ибн Хиббан (р.а.) мұсылман болмас бұрын сауда мақсатымен Мәдина Мүнәууараға келген. Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) мырзамызға кезігіп қалды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) одан елі жайында сұрақтар қойды. Сосын қауымының абыройлылары жайында да аттарын атап, жеке-жеке сұрады. Мунқиз ибн Хиббан ұзақ елден келген шетелдіктің қауымының үлкендерінің аттарын біліп, жеке-жеке жағдайларын сұрау тек Іләһи жәрдеммен болатынын түсініп, мұсылман болды. Ислам үкімдерін үйренген соң елі Хажарға қайтты.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мунқиз ибн Хиббан арқылы Абд ул-Қайс жұртына хат жолдаған еді. Бірақ Мунқиз (р.а.) отанына жеткенде намаз оқығанын, Құран Кәрім оқығанын адамдардан жасырды. Хатты да ешкімге көрсете алмады. Бірақ әйелі оның бұл күйін түсініп әкесі Әшәжжі Асариға (Мүнзир бин Аиз әл-Асари) айтты. Содан кейін күйеу бала мен қайната жолықты. Әшәжжі Асари хидаятқа еріп, мұсылман болғанын жариялағысы келді. Одан кейін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хатын өз қауымы Бәни Асар мен Бәни Мұхарипке оқыды. Олардың жүректері де иманға бұрылды. Бір делегация құрып, бұл делегацияны Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдына өкіл қылып жіберуге шешім шығарды. Әшәжжі Асаридің басқаруымен жіберілген бұл делегат Худайбиеден кейін, Мекке Мүкәрраманың алынуынан бұрын Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдына келді. 

Елшілер Мәдина Мүнәууараға жақындаған уақытта Пайғамбарымыз сахабаларымен сұқбаттасып отыр еді. «Міне мына жақтан бір керуен келе жатыр. Бұлар шығыс халқының қайырлылары. Ішінде Әшәжжы Асари де бар» деді. 

Жақын жерде әлі мұсылман болмаған қаншама тайпа бола тұра Хажар сияқты ұзақ жердегі Абд ул-Қайс тайпасының иман етуі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір мұғжизасы еді.

 

0 пікір