Берсең, санамай бер!..
Берсең, санамай бер!..
06.04.2018 16:29
1392
0

Әбу Үмама ибн Сахл ибн Ханиф (р.а.) жеткізуде:

Бір күні арамызда ансар мен мұхажирлер бар, бәріміз Мәдинада мешітте отырғанбыз. Арамыздан біреуді хазірет Айшаға (р.а.) жұмсап, жолыққымыз келетінін айтып, рұқсат сұраттық. Барғанымызда, хазірет Айша (р.а.) бізге мына оқиғаны әңгімеледі:

 «Алла елшісі (с.ғ.с) қасымда болған кезде бір қайыршы келіп маған алақан жайды. Мен әлденелер алдырдым да, ішіндегілерді мұқият санап барып қайыршыға ұстаттым.

Бұл жағдайды байқаған Алла елшісі:

«Сенен хабарсыз үйге ештеңенің кіргенін не шыққанын қаламайсың ба?» деді.

Мен:

«Иә, қаламаймын» дедім. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с): 

«Айша, асығыстық жасама, қайыршыға жылы шырай таныт, жұмсақтық көрсет. Берген нәрсеңді санама. Егер санап берсең, Алла да саған бергенін санайтын болады», – деді.

0 пікір