Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)-тің дәуірі хронологиясы
Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)-тің дәуірі хронологиясы
11.03.2016 16:20
3445
0

1.Мекке дәуірі

569    -    Хз. Мұхаммед(с.а.с)нің дүниеге келуі. (хижреттен

бұрын 12 рабиғул әууәл 53/ 17  маусым 569

дүйсенбі немесе хижреттен бұрын 9 рабиғул әууәл 51/20 көкек 571 дүйсенбі)[1]

-          Сүт анасы Халимаға берілуі.

574   -    Сүт анасы тарапынан Меккеге әкелініп өз

анасы Әминаға қайтарылуы.

575   -     Анасы Әминаның Әбуа ауылында

                дүниеден өткеннен кейін, қараушысы Үмму Айман тарапынан атасы Абдулмутталибке әкелініп тапсырылуы.

577   -     Атасы Абдулмутталибтің дүние салып,

                ағасы Абуталибтің қармағына өтуі.

578   -     Ағасы Абуталибпен Сирия саяхатына

                шығуы.

589   -     (?) Фижар соғысына қатысуы.

         -      (?) «Хилфул–фудул» ұйымына мүше болуы.

594   -     Хз. Хадишаның сауда керуенімен

                Бусра қаласына баруы.

-        Хз. Хадиша анамызбен үйленуі.

605   -     Құрайштың Қағбаны қайта қалпына келтіру

                кезінде «Хажарул Әсуәдті» орнына қою

                мәселесінде төреші болуы.

610   -     Хира үңгірінде алғашқы уахидің келуі.

                Әлақ сүресінің бес аятының түсуі.

(27 рамазан)

613   -     Ашық (жария) дағуат жасауға әмір

                етіліумен ағайын-туыстарын дінге шақыруы.

614   -     Мүшріктердің әлсіз мұсылмандарға

                зорлық-зомбылығының басталуы.

615   -     Хабашистанға (Эфиопия) бірінші хижрет.

616   -    Хабашистанға екіншк хижрет.

         -      Хз. Хамзаның мұсылман болуы.

         -      Хз. Омардың мұсылман болуы; Хз.      

              Пайғамбарымыз және мұсылмандардың   

             «Дарул Аркам» үйінен шығуы.

         -      Хашим және Мутталиб ұлдарының Хз.  

              Пайғамбарымызды қорғау мақсатында Әбутәлиб

              (Шиғбу Әбуталиб) ауданында жиналуы,

              мүшріктердің бұларға қарсы әлеуметтік және 

              экономикалық байкот жариялауы.

619   -     Байкоттың бітуі.

620   -    Әбутәлиб пен Хз. Хадиша

анамыздың қайтыс болуы. (Қайғы жылы)

         -     Хз. Пайғамбарымыздың Сәуда бинти

Зәмғамен үйленуі. (рамазан)

-  Зәйд бин Хариспен Тайфқа баруы және Мутғим бин Адидің панасында Меккеге оралуы.(шәууәл)

-  Қажылық маусымында Мадиналық Хазреж руының бір топ кісілермен жолығып Ақабада олардың мұсылман болуы.(зулхижжә)

621   -    Исра және Миғраж оқиғасы, бес уақыт

намаздың парыз болуы.(27 рәжәб)

         -     Бірінші Ақаба анты, Хз.

Пайғамбарымыздың Исламды үйрету

үшін Мусғаб бин Умайрді ұстаз ретінде Мадинаға

жіберуі.(зулхижжә)

  622 -    Екінші Ақаба анты. (зулхижжә)

 

                            

2.Мадина кезеңі

 

1/622-    Мұсылмандардың екінші Ақаба антынан

кейін Мадинаға қоныс аудара бастауы.

(мұхаррам/Шілде)

         -     Мүшріктердің «Дарун-нәдуада»

жиналысында Хз. Пайғамбарды өлтіруге қарар қабылдауы. (26 сафар /9 қыркүйек)

-  Хз. Пайғамбардың Әбу Бәкірмен бірге хижреті және «Сәур» үңгірін паналауы. (26 сафар / 9 қыркүйек)

-  Сәур үңгірінен Мадинаға бет алуы. (1 рабиғул әууәл / 13 қыркүйек)          

-  Құбаға жетуі. (8 рабиғул әууәл / 20 Қыркүйек)

-  Құба мешітінің салынуы.

-  Хз. Пайғамбардың Құбадан шығып Рануна аймағында алғашқы жұма намазын оқытуы. Сол күні Мадинаға жетуі. Әбу Аюб әл-Ансаридің үйіне жайғасуы. (12 рабиғул әууәл / 24 қыркүйек)

-  Пайғамбар мешітінің іргетасының қалануы.

-  Азанның бекітілуі.

1/623-    Мұхажир мен Ансардың бауырластырылуы. (муаһат) (рәжәб / қазан)

         -     Мадина шекарасының бекітілуі және жазбаша ең алғашқы заңның шығарылуы.[2] (рамазан / наурыз)

         -     Соғысқа рұқсат берілуі.

         -     Хз. Хамзаның Ис  «Сифулбахр» жорығы.

         -     Пайғамбар мешітінің салынып бітуі. (шәууәл / көкек)

         -     Убайда бин Харистің «Рабиғ» жорығы.

         -     Сағад бин Әбу Уаққастың «Харрар» жорығы. (Зулқағда / Мамыр)

         -     Мадинада базар орындарының құрылуы.

         -     Масжидул-Нәбәуиге Суффаның қосылуы.

2/623-    Хз. Пайғамбарымыздың «ашура» оразасын тұтуы және мұсылмандарға әмір етуі. (10 муахаррам / 14 шілде)

         -     Әбуә «Уәддән» жорығы. (сафар / тамыз)

         -     «Буат» жорығы. (рабиғул әууәл  / қыркүйек)

         -     Алғашқы Бәдір «Сәфәуан» жорығы. (рабиғул әууәл  / қыркүйек)

         -     Ушайра «Зул-ушайра» жорығы. (жумәдил әууәл / қазан)

2/624-    Абдулла бин Жаһштың қолбасшылығындағы «Батны-Нахла» жорығы. (рәжәб / қараша)

-   Құбланың Құдыстағы  Ақса мешітінен  

     Харам мешітіне «Қағба» ауысуы. (рәжәб / қараша)

          -    Оразаның парыз болуы. (шағбан / желтоқсан)

          -    Тарауих намазының оқыла бастауы. (1 рамазан / 26 ақпан)

          -    Бәдір соғысы. (17 рамазан / 13 наурыз)

          -    Әнфәл сүресінің түсуі.

          -    Хз. Пайғамбарымыздың қызы Рукияның өлімі. (рамазан / наурыз)

          -    Пітір садақасының бекітілуі. (рамазан / наурыз)

          -    Алғашқы ораза айт. (1 шәууәл / 27 наурыз)

          -    Хз. Пайғамбарымыздың Хз. Айшамен үйленуі. ( шәууәл / көкек)

          -    «Қарқратулқұдр» жорығы. (шәууәл / көкек)

          -    Ғалиб бин Абдулла жорығы. (10 шәууәл / 5 көкек)

          -    Бәну –қайнуқа жорығы. (шәууәл / көкек)

          -    Хз. Али мен Фатиманың үйленуі. (зулқағда / мамыр)

          -    «Сәуік» жорығы. (5 зулхижжә / 3 маусым)

          -    Алғашқы құрбан айт. (10 зулхижжә / 3 мамыр)

          -    Мухажирлерден Осман бин Мағзунның қайтыс болуымен «Жәннатул-Бақидың» қабрістанға айналуы. ( зулхижжә /  маусым)

          -    Зекетттің парыз болуы.

3/624 -                  Хз. Османның Пайғамбарымыздың қызы Үммүкүлсүм мен үйленуі. (рабиғул әууәл / тамыз)

          -    Қағ бин Әшрәфтің өлтірілуі. (14 рабиғул әууәл / 4 қыркүйек)

          -    Зүмәр «Ғатафан» жорығы. (14 рабиғул әууәл / 4 қыркүйек)

          -    Бахран «Бәну Суләйм» жорығы . (жумәдил әууәл / қазан)

          -    «Қарәдә» жорығы. (жумәдил әууәл / қараша)

3/625 -   Хз. Пайғамбарымыздың Хафсамен үйленуі. (шағбан / қаңтар)

          -    Хз. Хасанның дүниеге келуі. (15 рамазан / 1 наурыз)

          -    Хз.  Пайғамбарымыздың Зейнеп бинти Хузеймамен үйленуі.

          -    Ухуд соғысы. (7 н/е 11 шәууәл / 23 н/е 27 наурыз)

          -    «Хамрул әсәд» жорығы. (12 шәууәл / 28 наурыз)

4/625 -   «Қатан» жорығы. (мұхаррам / маусым)

          -    Абдулла бин Унәйс әл-Жуһейни жорығыры. (мұхаррам / маусым)

          -    Ражиғ оқиғасы. «Мәрсәд бин Абумәрсәд жорығы» (мұхаррам / маусым)

          -    Бирумағуна оқиғасы. (мұхаррам / маусым)

          -    Амр бин Умайя жорығы. (сафар / шілде)

          -    «Бәну Нәдр» жорығы. (рабиғул әууәл / тамыз)

          -    Арақ –шараптың харам болуы. (рабиғул әууәл / тамыз)

          -    Хз. Пайғамбарымыздың әйелі Зейнеп бинти Хузаймәнің өлімі. (рабиғул әууәл / қыркүйек)

4/626 -   Бәну Абс тобының Мадинаға келіп мұсылман болуы.

-   Хз. Хусейннің дүниеге келуі. (5 шағбан / 10 қазан)

-   Хз. Пайғамбарымыздың Умму Сәләмәмен

үйленуі. (шәууәл / наурыз)

          -    «Бәдрулмәуғид»  жорығы. (зулқағда / көкек)

          -    Хз. Әлидің анасы Фатима бинти Әсәдтің  

               өлімі.

5/626 -   «Затурриқа» жорығы және «қауіп» намазының оқылуы. (10 мұхаррам / 11 маусым)

          -    «Думдәтул жәндәл» жорығы. (25 рабиғул әууәл / 24 тамыз)

          -    Мадинада айдың тұтылуына куә болулары және Пайғамбарымыздың «хусуф» намазын оқытуы. (жумәдил ахир / қазан)

          -    Мұсылман болған 400 кісілік Музәйнә тобының Мадинаға келуі және мухажир ретінде Мадинаға орналасуларына рұқсат берілуі.

 5/627 -  Бәну Мұсталиқ «Мұрайси» жорығы. (рамазан/ақпан)      

          -   Ифк оқиғасы.

          -    Хз. Пайғамбарымыздың Жуейриә бинти Хариспен үйленеуі.

          -    Мадинада алғашқы санақтың жүргізілуі.[3] (шәууәл / көкек)

          -    Хандәк «Ор, Аһзаб» соғысы. (зулқағда / көкек)

          -    Хз. Пайғамбарымыздың Зәйнәб бинти Жаһшпен үйленуі және азат етілген құлдың бұрынғы иесіне баласы саналудың үкімі жайлы аяттардың. (Ахзаб, 4-5) түсуі (зулқағда / көкек)

          -    Бәну Қурайза жорығы. (зулқағда / көкек)

          -   Абдулла бин Атиқ жорығы.

          -    Хз. Пайғамбарымыздың Райхәнә бинти Шәмунды әйелдікке алуы. (зулхижжә / мамыр)

6/627 -   «Құрата» жорығы. (мұхаррам / маусым)

          -    Бәну Лихиян жорығы. (рабиғул әууәл / маусым)

          -   «Ғамра» жорығы. (рабиғул әууәл / маусым)

          -    Ғабә «Зуқарәд» жорығы. (рабиғул ахир /тамыз)

          -    Мұхаммед бин Мәсләмәнің  «І-ші Зулқасса» жорығы. (рабиғул ахир /тамыз)

          -    Абу Убайда бин Жаррахтың «ІІ-ші Зулқасса» жорығы. (рабиуғл ахир / тамыз)

          -    Зәйд бин Харистің «Жәмум» жорығы. (рабиғул ахир / Қыркүйек)

          -    Зәйд бин Харистің «Ис» жорығы. (жумәдил әууәл / қазан)

          -    Зәйд бин Харистің «Тариф»  жорығы. (Жумадал ахир / қараша)

          -    Зәйд бин Харистің «I-шіУадилқурға» жорығы. (рәжәб / қараша)

6/628 -   Хз. Пайғамбарымыздың Абдурахман бин Ауфты Думәтулжәндәлға жіберуі. ( шағбан / желтоқсан)

          -    Зәйд бин Харистің «Мадиян» жорығы. (шағбан / желтоқсан)

          -    Хз. Әлидің «Фәдәк» жорығы. (шағбан / желтоқсан)

          -    Зәйд бин Харистің «ІІ-ші Уадилқурға» жорығы. (рамазан / қаңтар)

          -    Абдулла бин Рауаханың Хайбарды шолу жорығы. (рамазан / ақпан)

          -   Мадинада құрғақшылықтың болуы, Хз. Пайғамбарымыздың жаңбыр тілеуі.

          -    Курз бин Жәбир әл-Фихридің Бәну Урейнә жорығы. (шәууәл / ақпан)

          -    Абдулла бин Рауаханың Усәйр бин Зәрим жорығы. (шәууәл / ақпан)

          -    Күннің тұтылуы және Пайғамбарымыздың «Кусуф» намазын оқытуы. (шәууәлдің соңы / наурыздың ортасы)

          -    Умра спары. (зулқағда / наурыз)

          -    Хз. Пайғамбарымыздың, анасы Әминәнің Әбуәдағы қабірін зиярат етуі.

          -    Худайбияда Құрайштықтарға елші ретінде жіберілген Хз. Османның Меккеде аяңдауына байланысты «Биятурридуан» антының алынуы. (зулқағда / наурыз)

          -    Худайбия келісімі.

          -    Фатх сүресінің түсуі.

          -    Бәну Хузаа, Бәну Әсләм және Бәну Хушәни топтарының Мадинаға келіп мұсылман болуы.

7/628 -   Хз. Пайғамбарымздың, Византия және Сасания императорларынан бастап, айналадағы өлкелердің басшыларына және рубасшыарына елшілер және Исламға шақыру хаттарын жіберуі. (мұхаррам / мамыр)

          -    Хабәш Нәжәши Әсһәмәнің мұсылман болуы.

          -    Мысырлық Муқауқыстың түрлі сыйлықтармен бірге Марияны Пайғамбарымызға жіберуі.

          -    Әбул-Астың мұсылман болып Пайғамбарымздың қызы Зейнеппен қайтадан үйленуі. (мұхаррам / мамыр)

          -    Зәйд бин Харистің Хисма «Бәну Хузам» жорығы.

          -    Хайбар жорығы. (сафар / маусым)

          -    Зейнеп бинти Харистің Пайғамбарымызды улауға әрекет жасауы.

          -    Хз. Пайғамбарымыздың Сафия бинти Хуаймен үйленуі.

          -    Хз. Пайғамбарымыздың сүт анасы Суәйбәнің өлімі.

          -    Бәну Әшрардан бір топтың Хайбарда Пайғамбарымызға келіп бият[4] етуі.

          -    Йемен әкімі Базанның мұсылман болуы. (жумәдил әууәл / қыркүйек)

          -    «Уадилқурға» жорығы. (жумәдил әууәл / қазан)

          -    Тәймә яһудилерімен келісімге келуі.

          -    Хз. Омардың «Түрәбә» жорығы. (шағбан / желтоқсан)

          -    Хз. Әбу Бәкірдің «Нәжид» жорығы. (шағбан / желтоқсан)

          -    Бишр бин Сағадтың «Фәдәк» жорығы. (шағбан / желтоқсан)

7/629 -   Ғалиб бин Абдулланың «Мәйфә» жорығы. (рамазан / қаңтар)

          -    Бишр бин Сағадтың «Жинаб» жорығы. (шәууәл / ақпан)

          -   Қаза умрасы. (зулқағда /наурыз)

          -    Хз. Пайғамбарымыздың Умму Хабибә бинти Әбу Суфян мен үйленуі.

          -    Хз. Пайғамбарымыздың Мәймуна бинти Хариспен үйленуі. (шағбан / желтоқсан)

          -    Ибн Ахрам Абул -Аужәның Бәну Сүлейм жорығы. (шағбан / көкек)

8/629 -   Халид бин Уалид, Амр бин Ас және Осман бин Талханың мұсылман болуы. (1 сафар / 31 мамыр)

          -    Ғалиб бин Абдулланың «Кәдид» жорығы. (сафар / маусым)

          -    Ғалиб бин Абдулланың «Муррә» жорығы. (сафар/ маусым)

          -    Хз. Пайғамбарымыздың қызы Зейнептің өлімі. (сафар айының соңы / маусым айының соңы)

          -    Қағб бин Умәйрдің «Затуатлаһ» жорығы. (рабиғул әууәл / шілде)

          -    Шужә бин Уаһбтің «Си» жорығы. (рабиғул әууәл / шілде)

          -    Мүтә соғысы. (жумәдил ахир / қыркүйек)

          -    Амр бин Астың «Затуссәләсил» жорығы. (жумәдил ахир / қазан)

          -    Әбу Убайда бин Жаррахтың «Сифулбахр» жорығы. (рәжәб / желтоқсан)

-   Әбу Қатаданың «Хадра» жорығы. (шағбан / қаңтар)

-   Бәну Сүләйм және Бәну Ғифар руларының мұсылман болуы және Халид бин Уалид қолбасшылығында Меккенің алынуына қатысулары.

-   Құрайыш мүшріктерінің Худайбия антын бұзуы бұл орайда Әбу Суфянның бейбітшілікті сақтауға әрекет жасауы.

8/630 -   «Батн-ы Идам» жорығы. (рамазан / қаңтар)

-   Хз. Пайғамбарымыздың Меккені алуға жолға шығуы. (13 рамазан / 4 қаңтар)

-   Меккенің алынуы. (20 рамазан / 11 қаңтар)

-   Бәну Махзум руының мұсылман болуы.

-   Хишам бин Асты Елемлем тарапына, Халид бин Сағдті Үрәнә аймағына, Халид бин Уалидті Узза пұтын, Сағд бин Зәд әл-Әшһәлді Мүшәлләлдегі Манат пұтын, Амр бин Асты Бәну Хузейлдің Руһаттағы Сууа пұтын, Түфәйл бин Амр әд-Дәусиді Амр бин Хумемейдің Зүлкуффәйн пұтын қиратуға жіберуі. (рамазан / қазан)

-   Хунейн жорығы. (11 шәууәл / 1 ақпан)

-   Халид бин Уәлидтің Бәну Жәзим тайпасын Исламға шақыру жолындағы жорығы. (шәууәл / ақпан)

-   Тайф жорығы. (шәууәл / ақпан)

-   Хз. Пайғамбарымыздың Жиранада Хунейн соғысынан түскен олжаларды үлестіруі. (зулқағда / ақпан)

-   Хз. Пайғамбарымыздың сүт қарындасы Шәймәні көруі.

-   Хз. Пайғамбарымыздың умра қажылығын атқаруы. (19 зулқағда / 10 наурыз)

-   Мұхажир бин Әбу Умайяның «Сана» жорығы.

-   Зәйд бин Ләбидтің «Хадрамаут» жорығы.

-   Қайс бин Сағд бин Убаданың «Судағ» жорығына қолбасшы тағайындалуы және осы рудан бір топ кісінің Мадинаға келіп мұсылмандықты қабыл етуімен жорықтың тоқтатылуы. (зулқағда / наурыз)

-   Амр бин Астың Уман басшылары Жәйфәр және Абд бин Жуләндә бауырларына елші етіп жіберілуі. (зулқағда / наурыз)

-   Ала бин Хадрамидің Әбу Хурейрамен бірге Бахрейн басшысы Мунзир бин Сауаға елші ретінде жіберілуі.

-   Хз. Пайғамбарымыздың ұлы Ибраһимнің дүниеге келу. (зулқағда / наурыз)

-   Бәну Саләбә, Судағ, Бәһилә, Сүмәнә, Жәрм, Әһабиш, Бәну Ақ және Хузәйл адамдарының Мадинаға келіп мұсылман болуы.

9/630 -   Хз. Пайғамбарымыздың кейбір қалалар мен тайпаларға зекет жинаушы қызметшілерді жіберуі.

-   Аббад бин Бишрдің Бәну Сүлейм және Бәну Музейниге, Рафия бин Мәкис әл-Жухейнидің Бәну Жухейниге, Даххақ бин Суфян әл-Кәлибидің Бәну Килабқа, Буср бин Суфян әл-Қағбидің Бәну Қағбқа, Ибнул Лутбәйян әл-Әздиді Бәну Зубәйдаға, Малик бин Кумәйраны Бәну Ханзала бин Малики, Амр бин Асты Фәзараға, Уәлид бин Уқбаның Бәну Мусталыққа зекет жинау үшін жіберілуі.

-   Уәйнә бин Хыснның Бәну Тәмим жорығы және Бәну Тәмим руының Мадинаға келіп мұсылман болуы. (мұхаррам / мамыр)

-   Бәну Әсәд руынан бір топ кісілердің келіп мұсылман болуы.

-   Бәну Узрәдән келіп мұсылман болуы. (сафар / мамыр)

-   Құтбә бин Амирдің Бәну Хасғамға жорығы. (сафар / мамыр)

-   Қурата жорығы. (рабиғул әууәл / маусым)

-   Алқама бин Мужәззиздің қол басшылығында мұсылмандардың ең алғашқы рет теңіз жорығына шығуы. (рабиғул әууәл / шілде)

-   Хз. Алидің Тай руының пұты Фулусті қиратуы.

-   Үккәшә бин Михсанның Бәну Бәли және Бәну Узраға қарсы «Жинаб» жорығы.

-   Хз. Пайғамбарымыздың, Хабәш  Нажашиі Аһcаманың өлмінінен хабар алып, ғайыптан жаназа намазын оқуы. (рәжәб / қазан)

-   Илия және Тахир оқиғасы.

-   Тәбүк жорығы. (рәжәб / қазан)

-   Халид бин Уәлидтің Думдәтулжәндәл басшысы Укейдир бин Абдулмаликке қарсы жорығы  және Хз. Пайғамбарымыздың Укейдирмен келісімге келуі.

-   Жәрба, Әзрух, Макна, Әйла және Тәбүк халқының өкілдері келіп Хз. Пайғамбарымыздан бейбіт келісім сұрауы.

-   Хз. Пайғамбарымыздың, Тәбүктен Дихия бин Халифә арқылы Византия императоры Хераклюсқа Исламға шақыру хатын екінші мәрте жіберуі.

-   Хз. Пайғамбарымыздың қызы Үммүкүлсүмнің дүниеден өтуі.

 -  Бәну Уқайл, Бәну Кәлб, Бәну Киләб, Бәну Тужиб, Бәну Ғатафан, Ханзала бин Малик, Бәну Қудағ, Бәну Бәхрадан өкілдердің келіп мұсылман болуы.

-   Христиан Бәну Тағлибтің Мадинаға келіп келісім жасауы.

-   Қағб бин Зухейрдің мұсылман болуы және Хз. Пайғамбарымыздың өз шапанын оған сыйға тартуы.

-   Бәну Сағд бин Бәкір руының Димам бин Сағиябәні елші етіп Мадинаға жіберуі және мұсылман болуы.

-   Бәну Жузам тобының Мадинаға келіп мұсылман болуы.

-   Хз. Пайғамбарымыздың мұнафықтардың салған мешіті «Дырарды» жығуы.

-   Химияр патшаларының Исламға шақырылуы және олардың қабылдауы.

-   Бәну Хәмдан, Бәну Фәзарә, Мүррә және Тайфтғы Бәну Сақифтен өкілдердің келіп мұсылман болуы.

-   Хз. Пайғамбарымыздың Әбу Суфян мен Муғира бин Шұғбаны Лат пұтын жығуға жіберуі.

9/631 -   Мұнафықтардың басшысы Абдулла бин Убәидің  

              өлімі. (зулқағда / ақпан)

-  Қажылықтың парыз болуы.

-  Әбу Бәкірдің қажылық әмірі тағайындалуы. (зулхижжә / наурыз)

-  Тәубә сүресі үкімдерінің білдірілуі үшін Алидің Меккеге жіберілуі. (зулхижжә / наурыз)

-  Бәну Сағду Хузәймнен бір топтың келіп мұсылман болуы. (зулхижжә / наурыз)

-  Нәжран христиандарының бір тобы келіп Пайғамбарымызбен қарғасудан[5] (мүбәһәлә) бастартып келісімге келуі. (зулхижжә / көкек)

10/631- Халид бин Уәлидтің Нәжран жорығы, Бәну Харистен өкілдердің Мадинаға келіп мұсылман болуы. (рабиғул әууәл / шілде)

-  Бәну Хаулан өкілдерінің Мадинаға келіп мұсылман болуы. (шағбан / қараша)

-  Хз. Алидің Йемен жорығы, Бәну Мәзхиж руының мұсылман болуы. (шағбан / желтоқсан)

-  Бәну Ғамид, Бәну Ғассан, Бәну Бәкилә өкілдерінің Мадинаға келіп мұсылман болуы.

-  Жәрир бин Абдулланың «Зулхәләса» пұтын және ғибадатханасын жығуға жіберілуі.

-  Хз. Пайғамбарымыздың Құран Кәрімді Жәбірейлге екі мәрте оқып беруі және 20 күн итикафқа кіруі. (рамазан / қаңтар)

-  Бәну Әзд, Әбнә, Тай, Амир бин Сасаа, Киндә, Тужиб, Рахауйин, Ғафиқ, Мәһрә, Хәнифә, Әж, Мурад, Абдулқайс, Хилал, Руха және Зубәйдә руларынын өкілдердің келіп мұсылман болуы.

-  Мүсәйләмәнің өзін пайғамбармын деп жариялауы.

10/632- Хз. Пайғамбарымыздың ұлы Ибраһимнің шетінеуі. (29 шәууәл / 21 қазан)

-  Бәну Сәламан өкілінің мұсылман болуы.

-  Қоштасу қажылығы үшін Пайғамбарымыздың Мадинадан Меккеге жолға шығуы. (26 зулқағда / 23 ақпан)

-  Қоштасу құтпасы. (9 зулхижжә / 7 шаурыз)

-  Бәну Мухариб өкілдерінің келіп мұсылман болуы. (зулхижжә / шаурыз)

-  Йемен әкімі Базаның өлімі Хз. Пайғамбарымыздың Йемен аймағыны он бір әкім тағайындауы.

-  Наср сүресінің түсуі.(зулхижжә / наурыз)

-  Хз. Пайғамбарымыздың әйелі Райхана бинти Шәмунның дүние салуы.

11/632- Мадинаға ең соңғы келген Бәну Нәһә өкілдерінің мұсылман болу. (15 мұхаррам / 12 көкек)

-  Усама бин Зәйдтің Сирия жорығына аттанатын сарбаздарға бас  қолбасшы тағайындауы. (сафар / мамыр)

-  Хз. Пайғамбарымыздың басының қатты ауруы. (27 сафар / 24 мамыр, жексенбі)

-  Өзін Пайғамбар жариялаған Әсуәд әл-Анасидің өлтірілуі.

-  Хз. Пайғамбарымыздың дүние салуы. (13 Рабиғул әууәл / 8 Маусым, дүйсенбі)

-  Хз. Пайғамбарымыздың жерленуі. (14 Рабиғул әууәл / 9 Маусым, сейсенбі)

Мажен Ернар Қалмаханұлы

[1]  Кітаптарда хижреттен бұрынғы кейбір оқиғалар Пайғамбарымыздың жасына қарай белгіленгендіктен, осы оқиғаларға  арқау болған милади жылдардың да, туылған жылына қарай өзгеретіндігін ескерген жөн.

[2]  Бұл адамзат тарихындағы ең алғашқы жазбаша заң. Проф.Док. Мұхаммед Хамидулла, Ислам пайғамбыры 1-т,189.

[3]  Бұл санақта 400-ге жуық Исламды қабыл еткен отбасында мұсылмандардың сандары небәрі 1500 болғандығы айтылады. Бұхари,56/181.

[4]  Мұсылмандықта берік,пайғамбарға бойұсынуда адал болуға серт беру.Ислам Энциклопедиясы, 1-т, 230,б.

[5]  Әли-имран сүресі, 61-ші аятына қараңыз.

0 пікір