AЛИДІҢ (К.У.) БАТЫРЛЫҒЫ
AЛИДІҢ (К.У.) БАТЫРЛЫҒЫ
26.01.2022 10:36
613
0

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: وَعَلِيُّ بْنُ أَبِى طَالِبٍ أَلَبُّ أُمَّتِى وَأَشْجَعُهَا. (جمع الجوامع)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Aли ибн Әбу Талиб үмметімнің ең ақылдысы және ең мейрімдісі”. (Суюти, Жамиғ ул-жәуамиғ)

Хижреттің бесінші жылы орын алған Хәндак (Aхзаб) соғысында мұсылмандар Мекке мүшріктеріне қарсы Мәдина мүнаууараны айналдыра шамамен ұзындығы 5,5 км, ені 4,5 метр және тереңдігі 3,5 метр ор қазады. Сол себепті екі жақ қоян-қолтық ұрысқа кірмей, бір-біріне жебе атысады. Дегенмен кей мүшріктер аттарын қинап ордың енсіздеу жерінен қарсы бетке өтеді. Солардың бірі Aмр ибн Aбдиуәдд еді. Қасындағылардан бөлініп алға шығып, біреуді жекпе-жекке шақырады. 

Aмр жалғыз өзі талай топты бұзып-жарған, найзагерлігімен көпке танылған батыр болған. Бүкіл араб тайпалары оның бір өзін қалың қолға тең көрген. Оған қарсы шығуға ешкім батпайды.

Расууллаһтың (с.a.у.) арыстаны Aли (р.a.): “Мен шығайын, уа, Расулаллаһ” дегенде, Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Сен отыр, уа, Aли, келіп тұрған Aмр” дейді.

Aмр мұсылмандарға тағы дауыстайды, Aли тағы шықпақ болады. Пайғамбарымыз тағы рұқсат етпейді. Ал Амр әбден өрекпіп, “Жігітше шайқасқа ешкімнің жарамағаны ма?” деп, өктемси айқайлайды.

Сонда Aли “Aмр болса да шығамын, Уа Расулаллаһ!” деп орнынан тұрған соң, Пайғамбарымыз (с.a.у.) өзінің сауытын оған кигізіп, Зүлфиқар атты семсерін беліне тағып, дұға жасайды.

Aли алаңға жаяу шығып Aмрға қарсы жүреді, екі жақтың әскері қарап тұрады. Aли (р.a.)әуелі Aмрға кезек беріп, шақырады. Aмр қарқылдай күліп, “Сен кімсің, соны айтшы әуелі” дейді. Oл “Aли ибн Әбу Tалибпін” деп жауап қатады. Aмр “Ұрысқа лайық ересектеу біреу жоқ па? Мен сенің әкеңмен жолдас едім. Қазір сенің қаныңды төгу маған қиын болмақ” дейді.

Aли “Иә, бірақ маған сенің қаныңды төгу қиын емес. Алайда сен де атыңнан түсіп, мен секілді жаяу ұрысуың керек” дейді. 

Мына сөз Aмрдың надан намысына тиеді. Қатты ашуланады. Бірден атынан түсіп, Aлиге дүрсе қоя береді.

Oл қалқанын қарсы тосады. Aмрдың ашумен долдана қылышын бар күшімен ұрғаны сондай, Aлидің қалқаны екі бөлінеді және басын да жаралап өтеді. Кезек Aлиге келгенде Зұлфиқармен бір ұрып Амрды екіге бөледі. 

0 пікір