Әли (р.а) неліктен қатты қорықты?
Әли (р.а) неліктен қатты қорықты?
24.08.2017 02:04
2657
0

Бір күні яһуди халифа Омарға келіп, хазіреті Әлидің үстінен (Алла ол екеуіне разы болсын) шағымданыпты. Халифа Омар өзінің алдына Әлиді шақырып:

– Ей, Әбу Хасан! Сенің үстіңнен шағым айтқан айыптаушының қасына тұр – деп бұйырады. Осы кезде Әлидің жүзі өзгеріп қоя береді.

 Халифа Омар бұл екеуінің арасын әділдікпен шешеді. Шағымданушы яһуди халифаның шешіміне разы болған күйде қайтады. Кейін халифа оңаша қалған Әлиге қарап:

 – Ей, Әли! Мен саған сені айыптаушының қасына тұр, дегенімде ашуландың ба. Сенің түрің өзгеріп кеткенін байқадым? – деп сұрайды.

Әли ибн Әбу Талиб:

 – Аллаға қасам етейін! Ей, мүміндердің әмірі! Мен оған ашуланғаным жоқ. Бірақ, сен мені «Ей, Әбу Хасан», – деп шақырған кезіңде, халифа мені яһудидің көзінше көтермелеп шақырды. Енді мұны естіген яһуди – мұсылмандардың арасында әділдік жоғалыпты ғой – деп ойлайтын болды деген қорқыныш бойымды биледі – дейді. 

Түйін: «Әділдік – ізгіліктің ірге тасы». Хазіреті Әли жеке басы үшін емес, барлық мұсылмандар үшін қам жеді. Мұсылман үмбетіне көлеңке түспесе екен деп қорықты. 

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

 Kazislam.kz 

0 пікір