Әке, сізге сұлтанның пәрмені бар, тез жет!
Әке, сізге сұлтанның пәрмені бар, тез жет!
18.07.2017 11:14
1350
0

Падишаһ II Мұрат (1404-1451) сұлтандықты жасы он үшке енді толған баласы Фатих Мехметке (1432-1481) тапсырады. Арадан ұзақ уақыт өтпей Балқан түбегінде бүлік шығып, падишаһ II Мұратқа кісі жіберіліп таққа қайта отыруы талап етіледі.

Хабаршыны тыңдап шыққан падишаһ:

      «Тақты баламызға тапсырудағы негізгі мақсатымыз дүниелік істерден тынығу болатын. Әрі қойдың жасындай қалған ғұмырымызды құлшылықпен өткізу болатын. Сұлтандық балама қажет болып жатса, дін мен мемлекетті өзі қорғасын» деп сәлем айтып жібереді.

Әкесінің сәлемін естіген Фатих Сұлтан:

      «Әке! Сұлтандық сізге тиесілі болса, дұшпан біздің жерімізге кіріп келеді, Осман мемлекетін және Ислам ұлысын бұл бәлекеттен қорғап қалу сіздің міндетіңіз. Ал сұлтандық маған тиесілі болса, жиылған әскердің қолбасшылық міндетін атқару сізге жүктейтін сұлтанның пәрмені бар. Тез арада іске кірісу сізден талап етіледі» деп сәлем айтқан екен. 

 

 

Бауыржан Алиұлының фб-дағы парақшасынан

0 пікір