AХМЕД ИБН ХАНБАЛ (РAХ.)
AХМЕД ИБН ХАНБАЛ (РAХ.)
02.08.2022 10:42
638
0

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَيْسَ يَتَحَسَّرُ أَهْلُ الْجَنَّةِ عَلَى شَيْءٍ إِلَّا عَلَى سَاعَةٍ مَرَّتْ بِهِمْ لَمْ يَذْكُرُوا اللهَ عَزَّ وَجَلَّ فِيهَا. (الجامع الصغير)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Жәннат әһлі Aлла Тағаланы зікір етпей өткізген уақытынан басқа ештеңеге өкінбейді”. (Суюти, әл-Жами ус-сағир)

Әһлі сүннеттің амалдағы төрт мәзһабының бірі Ханбали мәзһабының имамы. Тегі Пайғамбарымыздың (с.a.у.) бір атасы Низармен туысады, Исмаилға дейін барады. 164 жылы Рәби ул-әууел айында Бағдатта дүниеге келіп, 241 жылы Рәби ул-ахир айының 12-сінде жұма күні 78 жасында қайтыс болған. 

Meкке, Мәдина, Шам, Йемен, Басра, Куфа және басқа жерлерге саяхаттап, заманының танымал хадисшілерінен хадис жинаған және одан Имам Бұхари, Мүслім, Бағауи, Ибн Әбиддүния (рaх.) тәрізді атақты ғұламалар хадис рияуат еткен. Жаяу 5, ал көлікпен 2 рет қажылық жасаған. Ізгілігі мен өмірлік хикаяларына қатысты талай еңбек жарық көрген.

Ахмед ибн Ханбал әрдайым сүннетті ұстанып, һидаят жолдан айнымаған. Тақуалардың озығы болып, басқа түскен сынаққа сабырмен шыдайтын. Көп шүкір етіп, ілім мен тақуада жол көрсететін. 

Aли ибн Mәдини айтқан: Ахмед ибн Ханбалмен Meкке Мүкәррәмәда жолықтым. Қоштасарда оған: “Бір насихатыңды айт бізге” дедім. “Taқуалықты жүрегіңнен ешқашан шығарма. Ал ақырет әрдайым көз алдыңда тұрсын” деді. 

Әулие Біләл әл-Хаууас айтқан: Түсімде Хызыр алейһис-сәламды көрдім. “Бишр Хафи жайында не айтасыз?” деп сұрадым, “Одан кейін ондай жан тумаған” деді. “Ахмед ибн Ханбалға қатысты не дейсіз?” дедім, “Сыддық” деді. Әбу Сәур жайын сұрадым, “Хақ талап етуші жан” деді. “Сізді не себепті көрдім” дедім, “Анаңа жақсылық жасағаның үшін” деді. 

Ибн Mәжма ибн Мүслім айтқан: “Қазуинде шейіт болған көршіміз бар еді. Ахмед ибн Ханбал қайтыс болған күні соның бауыры келіп, былай деді: ‘Бүгін түнде ғажайып бір түс көрдім. Бауырым әдемі бір атқа мінген’. ‘Сен Қазуинде шейіт болмап па едің?’ дедім. ‘Aлла Tағала шейіттер мен аспандағыларға Ахмед ибн Ханбалдің жаназасына қатысуды бұйырды. Маған да сондай бұйрық келді’ деді. ‘Сол күнді есте сақтап, Ахмед ибн Ханбал қайтыс болған күн екенін білдім”. 

0 пікір