Ағымдарға бөлінулердің алғашқы себептері
Ағымдарға бөлінулердің  алғашқы себептері
28.05.2019 18:40
389
0

Барша мақтау әлемдердің  Раббысы болған Алла Тағалаға болсын!  Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)  фәниден бақиға көшуінен бастап мұсылмандар арасында түсініспеушіліктер пайда болғаны тарихтан белгілі.  Тіпті жалған пайғамбарлар пайда болған уақытында , абыройымыз өссін беделіміз төмен түспесін деп әр тайпа пайғамбар өз тайпамыздан болсын деген пікірге дейін жетті. Бірінші халифа Әбу Бәкір р.ғ.  шамасы келгенше ондай  мәселелерді шешіп, Ислам дінін одан әрі жаюға бар күш-жігерін жұмсады. Кейінгі халифалардың  тұсында да көптеген игі істер атқарылып, Ислам халифатының  көкжиегі кеңейе берді.  Сол Ислам халифатының қарамағына кірген аймақтарда әр түрлі сенімдегі, дүниетанымдағы ұлттар өмір сүріп жатты. Олардың  көбісі Ислам дінін қабылдады. Мәжбүрлеу болмағанның айғағы  -  өз дінінде қалғандар да болды. Исламды қабылдағанымен адамның таным-түсінігін бірден өзгерту оңай емес.  Ағысты бұра алмағандай халықта қалыптасып қалған  әдет-ғұрыптарды түбегейлі жою мүмкін емес. Сол замандағы ғалымдар Исламға қайшы келмейтін дәстүрлердің алдында иіліп, қайшы келгенін теріске шығарып  түсіндірді.

Мұсылмандықты жаңа қабылдаған адамдарда қарама-қайшы пікірлер, яғни пікірталастар болғаны ақиқат.  Ислам халифатының басқаруына іштей қарсы болған ұлттардың бірі – парсылар.  Парсылар оған дейінгі заманда араб халқын төмен санап көзге ілмейтін болғандықтан олардың басқаруын, мәдениет үйретуін қабылдай алмай қиналды.  Бұқара халыққа Құран ілімі толық аяқталмаған, бізден біраз бөлігін жасырып, бүгіп қалған деген сияқты жаңсақ пікірлер тарата бастаған. Мұсылмандардың арасында бөлінушілік басталды. Содан кейін ағымдар бөлініп шыға бастады.

 Отқа май құйып мұсылмандарды араздастырған адамдар немесе олардың менмендігі, тәкаппарлығы десек те болады.  Бұдан басқа  да себептер бар екені белгілі болса да, бұл өте қауіпті мәселе екенін көреміз. Алла Құранда: «Алла тартқан желіден (діннен) бекем ұстап, айырылмаңдар. Алланың өздеріңе жасаған рақымын еске алыңдар. Сендер өзара жау едіңдер, ол сендердің жүректеріңді жақындатты. Соның рақымымен табысып, туыстасыңдар. Сендер тозақ апанының жиегінде тұр едіңдер, Алла сендерді одан да құтқарды. Алланың аяттары міне осы жайды баяндайды. Мүмкін, осыған ой жіберіп, тура жолға түсерсіңдер». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқанындай: «Араб пен араб еместің артықшылығы тек тақуалығында».  Қорытындылайтын болсақ Ислам бүкіл әлемге жіберілген дін. Ұлтқа, тайпаға бөлінушілік ағымдардың пайда болуының бір себептері екенін ұмытпайық. Мұсылмандардың арасындағы бірлік бәрінен қымбат.

АҚБАС Нұрислам

«Шайхы ата» мешітінің имамы

 

0 пікір