АДАМ АТАНЫҢ АМАНАТЫ
АДАМ АТАНЫҢ АМАНАТЫ
21.04.2020 06:48
2490
0

Адам ата (а.с.) өз ұлдарының біріне мынадай бес аманат айтып, оны кейінгі ұрпағына жеткізуді табыстаған екен:

1. Ұрпақтарыма өткінші дүниеге сеніп қалмауды айт, өйткені мен мәңгілік қой деп жұмаққа сеніп едім. Алайда Аллаһ тағала мені ол жерден шығарды.

2.Ұрпақтарыма әйелдері құмартқан әр іске бара бермеуін айт, өйткені мен әйелімнің қалауымен тыйым салынған жемісті жегеніме кейін өкіндім.

3.Ұрпақтарыма бір істі бастамай тұрып, бас-аяғын толық мөлшерлеп алуын айт, өйткені мен ол істің бас-аяғын алдын ала ойлағанымда бәлкім мұндай болмас еді. 

4. Қандай да бір іске ниет еткенде, егер сәл күмән туса, шегініс жасай білген жөн. Өйткені мен тыйым салынған жемісті жерде іштей күмәндандым, бірақ бас тарта алмағандықтан, пұшайман күй кештім. 

5. Бір істі бастамай тұрып білетіндермен ақылдасыңдар. Егер мен алдын ала періштелермен ақылдасқанда, мұндай жағдайға ұшырамас едім. 

 

0 пікір