ӘБУ ЛӘҺӘБТІҢ ӘЙЕЛІ ҮММҮ ЖӘМИЛДІҢ ҚОРҚЫНЫШТЫ СОҢЫ
ӘБУ ЛӘҺӘБТІҢ ӘЙЕЛІ ҮММҮ ЖӘМИЛДІҢ  ҚОРҚЫНЫШТЫ СОҢЫ
12.08.2021 10:53
1000
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Күнәкар адамдарды (күнәсінің себебімен) жеккөріп, Алла Тағалаға жақындауға ұмтылыңдар». (Мунауи, «Фәйз ул-Қадир»)

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) пайғамбарлығының басында Жәбірейіл (а.с.) (біраз уақыт) уахи алып келмеген еді. Ол кезде Әбу Ләһәбтің әйелі Үммү Жәмил бинти Харб (мазақ қылу мақсатында): «Мұхаммедтің шайтаны Мұхаммедке келуі қиындады» - деген. Бұдан кейін дереу: «Сәске уақытына, тым-тырыс түнге ант. Раббың сені тастамады да, кейімеді» - деген мағынадағы духа сүресі түсті. 

Бұл қара ниетті әйел тауларға барып, тікенді шөптерді арқалап алып келіп, қиындық тудыру үшін Пайғамбарымыз жүретін жолға түнде төсеп қоятын еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл тікендердің үстінен жібектен өткендей өтіп кететін. Бір түні бұл әйел тікен арқаланған күйде бір таста демалып отырғанда артынан періште келіп итеріп жіберген, мойнындағы жіпке асылып қалған, яғни өз жібімен жан берген. 

Құрайштың абыройлы әйелінің иығына жүк алып тікен тасуға шыдауы оның кәпірлігіне Алланың жазасы. Бұл дүниелік жаза. Мұның екіншісін және ең ауырын ақыретте мойнына оттан оралған шынжырмен көреді.  

Бұл әйелге Тәббәт сүресінің 4 аятында «Хаммә ләтәл-хатаб» яғни отын тасушы деп айтылған. Бұл лақаб ол үшін тарих беттерінде төмендетуші ат ретінде қалған. 

Әбу Ләһәбтің әйелі отын тасушы ретінде тозаққа кіреді, арқасына Әбу Ләһәбті арқалап алады немесе отының алауын күшейті  үшін тозақта азабына ортақ болып, қызмет етеді. Бұл құтты дүниеде Әбу Ләһәбтің күпірлігі мен нәпсі қалауына қызмет еткеніне ұқсайды. Өйткені (мағынасы): «...Ендеше, отыны; адамдар, тастардан болып кәпірлер үшін әзірленген оттан қорқыңдар!» (Бақара сүресі, 25-аят) және «Расында сондай қарсы болғандардың балалары, малдары Алладан (келетін) еш нәрсеге төтеп бере алмайды. Міне солар тозақтың отындары». (Әли Имран сүресі, 10-аят) делінген аяттарда тозақтың отыны, кәпірлер болғандықтан күпірге қызмет тозаққа отын тасу мағынасында болады. Сондықтан Үммү Жәмилдің арқалағаны Әбу Ләһәб деп тәпсірленуі ең дұрысы.

 

0 пікір