«Әбу Ханифа заманының озық ойлы, білгір адамы еді» ( Меккелік Ибраһим) |
|||
«Әбу Ханифаның: «Менде хадис ілімінен бірнеше сандық бар. Мен солардың ішінен пайдалану үшін бір азырағын ғана шығардым» дегенін естідім» (Яхиа ибн Наср) |
|||
«Әбу Ханифадан өткен фақиһ ғалымды және одан өткен ықыласты намазхан адамды көрмедім» Уакиъ ибн Аль Жаррах (имам Шафиъдың ұстазы) |
|||
«Кімде кім фиқһ ғылымын үйренгісі келсе Әбу Ханифа мен оның серіктерінің жолын ләзім тұтсын. Өйткені адамдардың баршасы фиқһ ілімінде Әбу Ханифаның алдында оның жанұясы сияқты» (Имам Шафии)
|
|||
«Әбу Ханифадан өткен тақуа зейінді адамды көрмедім» (Язид) |
|||
«Мыңдаған ғалым-машайықтарға жолықтым. Солардың ішінен үшеуінің зейініне, біліміне таң қалдым. Олардың бірі Әбу Ханифа болатын» (Харижа ибн Мусъаб) |
|||
«Біздің заманымызда Меккеге келген адамдардың ішінен Әбу Ханифадан көбірек намаз оқитын адам болмады» (Суфиан ибн Ғуайнаһ) |
|||
«Түннің бір уағында Меккеге тауап етейін деп келгенімде тауапшылардың арасынан үнемі Әбу Ханифаны көретін едім» (Мутиъ) |
|||
«Әбу Ханифа намазды көп оқығаны соншалық замандастары оны «қазық» деп атар еді» (Әбу Ғасим ән-Нәбил) |