ӘБУ БӘКІРДІҢ РАФИҒА НАСИХАТЫ
ӘБУ БӘКІРДІҢ РАФИҒА НАСИХАТЫ
02.11.2021 10:19
186
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім бір бидғатшыны көтеру (жасағанын қолдау) үшін барса, шүбәсіз Исламныңқұлауына көмекші болған болады». (Табарани, «әл-Мұғжам ул-Кабир»)

Рафи ибн Әбу Рафи (р.а.) айтты: Мұсылман болғанымда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Амр бин Асты (р.а.) қолбасшы қылып жіберген Затус-сәләсил ғазасына қатысқан едім. Жолда Әбу Бәкірмен жолдас болдым, жанынан еш ажырамадым. Мәдинаға жақындаған кезімізде «Уа, Әбу Бәкір! Алла сен арқылы маған пайда беретінін үміттенгендіктен саған жолдас болдым. Маған насихат айтып бір нәрсе үйрет» дедім. «Сен сұрамасаң да мен айтар едім» деп жауап берді. Сосын былай деді: «Саған мыналарды насихаттаймын: Алла Тағаланың бір екенін қабылдап, оған серік қоспа. Намаздарыңды уақытында әдемі түрде оқы. Зекет бер. Рамазан оразасын тұт. Бәйтуллаға қажылық жаса. Жүніптікте ғұсыл құйын. Мұсылмандардан екі кісіге болса да әмірші болуды талап етпе».

Сол кезде былай деді: Уа, Әбубәкір! Аллаға ант етейін айтқандарыңды жасаймын деп үміттенемін. Бірақ адамдардың басына басшы болуды; «Уа Әбубәкір! Басшы болғандардан Пайғамбарымыздың жанында абыройлы болғандар бар. Маған неге болма деп жатырсың?» дедім. Ол былай жауап берді: Шүбәсіз Алла Тағала Мұхаммедті (с.а.у.) бұл дінмен жіберді. Ол да Алла жолында жиһад етті, бар күшімен тырысты. Соңында адамдар бұл дінге кіруді қабыл етті. Бұл дінге кіргендер Алланың қорғауына, жақындығына ие болды. Алла мүміндердің иесі. Енді сен де қателік жасап Аллаға жақын болуға ие болғандардағы сөзіңді бұзамын деме! Өйткені Алла оларға иелік қылып сенен есебін сұрайды. (Былай ойла!) Адамдардың бірі бір көршісінің жәбір көргенін көрсе бұл зұлымдықты жасағанға ашуланады, тіпті ашуланғаны соншалық тамырлары адырайып кетеді. Ал Алла Тағаланың ашуы өте қатты!».

Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүниеден өтіп, Әбу Бәкір адамдардың басына басшы болғанда қасына барып былай дедім: «Уа, Әбубәкір! Сен маған мұсылмандарды екі адамына болса да басшы болма деген жоқпа еді?». «Иә, саған қазір де солай деймін» деді. «Мақұл! Сенің адамдардың басшысы болуыңның себебі қандай?» деп сұрадым. «Мен бұдан құтылатын жол таппадым. Мұхаммед үмбетінің бөлінуінен қорықтым» деп жауап берді.

 

0 пікір