ҮШ ХАДИС
ҮШ ХАДИС
21.11.2020 12:41
1043
0

1.Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с.): Мұсылман - мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды, оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырыныңқажетіне жараса, Алла Тағала да оныңқажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырыныңқайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла  Тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады - деп айтты» - делінген.

(Бухари; Муслим риуаят еткен)

2.Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.): Алланың алдында әлсіз мүмінге қарағанда күшті мүмін әлдеқайда жақсы әрі ұнамды. Десе де (иманды болғандықтан) екеуі де қайырлы. Әрдайым өзіңе пайдалы істің соңында бол. Алладан ғана медет тілеп, әлсіздікке бой алдырма. Басыңа күн туса, “егер былай істесем, былай болар еді” - деме. Керісінше, “бұл Алланың жазғаны, Соныңқалағаны болады” - дегін. Өйткені, “егер” деген сөз шайтанның азғыруына жол ашады - деп айтты» - деген.

(Муслим риуаят еткен)

3.Әбу Дәрда (р.а.): «Расулаллаһ (с.ғ.с.): Алланыңқұлы қандай да бір нәрсеге лағынет айтқанда, оның лағынеті алдымен көкке көтеріледі. Сол кезде аспанныңқақпалары көз алдында тарс жабылады. Содан ол ары қарай шыға алмайтынын түсініп, жерге қайта түседі. Жер бетініңқақпалары да көз алдында тарс жабылады. Содан соң ол біресе оң жаққа, біресе сол жаққа зыр жүгіріп, соңында шығатын жол таппаған соң, егер лағынетке лайық болса, лағынеттелгенге қарай бет алады. Ал егер олай болмай шықса, лағынет айтқан адамныңөзіне қайтып оралады - деп айтты» - деген.

(Әбу Дәуіт риуаят еткен)

 

0 пікір