Ұйықтар алдында және оянғанда оқылатын дұғалар
Ұйықтар алдында және оянғанда оқылатын дұғалар
05.08.2015 11:43
137607
0

Хузәйфа және Әбу Зарр (р.а.): «Алла елшісі төсегіне жатқанда: «Бисмикаллаһума ахйә уә әмуту». Уа, Алла тағала! Сенің атыңмен көз жұмып, Сенің атыңмен қайта тірілемін» - деп дұға ететін еді», - деген.

       Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қайсыбірің болса да төсегіне жатар алдында киімінің астарымен төсегін жақсылап қақсын, өйткені ол бос тұрған төсегіне не нәрсенің кіріп-кірмегенін білмейді. Содан кейін:

       «Бисмикә рабби уадағту жәнби уә бикә арфәғуһу, ин әмсәктә нәфси фархамһә уә ин арсәлтәһә фахфазһә бимә тахфазу биһи ибәдәкәс-салихин». Уа, Раббым! Сенің атыңмен (оң жақ) қырымнан жантайып жаттым. Егер жанымды алсаң (яғни, ұйқыдан оянбасам), оны шексіз рақымыңа бөлей гөр! Ал егер оны қоя берсең (яғни, аман-есен оянсам), оны Өзіңнің салиқалы құлдарыңды сақтағаныңдай (бәле-жаладан) сақтай гөр!» - деп дұға етсін», - деген.

       Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) жатар алдында екі алақанын үрлеп, «муаууизатайн» («Ықылас», «Фәлақ», «Нас») деп аталатын сүрелерді оқып, соданкейін бүкіл денесін сипайтын еді», - деген.

0 пікір