ТӘҢІРІМ МАҒАН 9 ӨСИЕТ АЙТЫП ҚАЛДЫРДЫ, МЕН СОЛАРДЫ СЕНДЕРГЕ ЖЕТКІЗЕМІН
ТӘҢІРІМ МАҒАН 9 ӨСИЕТ АЙТЫП ҚАЛДЫРДЫ, МЕН СОЛАРДЫ СЕНДЕРГЕ ЖЕТКІЗЕМІН
11.01.2021 18:02
379
0

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деген екен:

«Тәңірім маған тоғыз өсиет айтып қалдырды, мен соларды сендерге жеткіземін.

 Ол былай деді:

1. Өзіңе де, өзгелерге де адал бол;

2. Ренжісең де, қуансаң да әділ бол;

3. Бай болсаң да, кедей болсаң да сабырлы қалпыңнан айныма;

4. Сені кеудеден итергісі келгендермен де достық қарым-қатынасыңды үзбе;

5. Саған шығын келтіргендерге сен пайда жаса;

6. Саған зиян жасағандарды кешіре біл;

7. Үнсіз тұрсаң да санаң ойға толы болсын;

8. Әр сөзің Алла Тағаланы еске түсірсін;

9. Таным-түйсік мүмкіндігі оқу үшін беріледі».

Міне, бұл Алла Тағаланың пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)  берген маңызды кеңестерінің бірқатары. 

 

 

0 пікір