Таң қаламын!..
Таң қаламын!..
07.06.2019 14:04
314
0

Абу Зар (р.а.):

 «Уа, Алла Елшісі, Мұса пайғамбардың кітабындағылардан маған хабар беріңізші» деп сұрағанда,

Пайғамбар (с.ғ.с):

«Онда мысалдар және ғибраттар бар» деген.

Сонда ол:

 «1.Тозақтың бар екенін сенімен біліп, күліп жүргенге таң қалдым.

 2.Өлімнің шын екенін сенімен біліп, шаттанып, шаттықпен жүрген кісіге таң қалдым.

3.Есеп-қисапты сенімен біліп, күнә істеп жүрген кісіге таң қаламын.

4.Тағдырды сенімен біліп, дүниеге қапа болған кісіге таң қаламын.

5. Дүниенің өткінші екенін біліп, дүниеге алданып, жайбарақат жүрген кісіге таң қаламын.

6.Жәннатты сенімен біліп, игі амалдар істемеген кісіге таң қаламын»,-деп шәһәда кәлимасын айтқан екен.

 

0 пікір