«Сүннет» деген не?
«Сүннет» деген не?
10.07.2019 04:28
2056
0

Бұл сұрақтың түп төркіні біз «Құран, Сүннетпен ғана жүреміз» деушілердің кесірінен шыққандығын, мешіт айналасындағылардың түгелі дерлік біледі десек артық айтқан бола коймаспыз. Әсіресе дәріс беріп жүрген ұстаздар қауымы, ағартушылықпен айналысып жүрген имамдардың жиі кездесетін өзекті мәселесіне айналды. Ал, олай деушілердің қой терісін жамылған қасқыр екендігі де айтыла-айтыла жауыр болды. Кейбірі сол қасқырлардың жәй жандайшаптары ғана. Олардың негізгі қарауылға алып қарсы шығатын мәселелері әбден сіңіскен «мазһабтар». Біз «Құран, Сүннетпен ғана жүреміз» - деу арқылы, біріншіден өздері бір мазһаб екендіктерінен, екіншіден бір ауыздан келісілген имамдарды қабылдамағаны әрі имамдары болмағандықтан пәтуасыз, берекесіз топ екендіктерінен мүлде бейхабар... Ал мазһаб болса, Құранмен сүннеттен қана-қана сусындап уызға әбден қанған, шынайы Алладан қорқатын ғалымдардың тұжырымдарының жиынтығы екенін олар қайданда білсін. (Мазһаб мәселесі бұл жерде тақырыбымыз емес)

Сонымен сүннет – дегеніміз сөздікте жол дегенге саяды. Ал жолдың жақсысы да, жаманы да болатыны даусыз. Сондықтан біздің ұстанған сүннетіміз «сара жол» деген сөз. Құранда бұл сөз көптеген мағыналарда келеді. Сүннәтуллаһ деген терминде қалыптасқан.

Ал терминдік мағынасы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дың айтқан сөздері, істеген іс-әрекеттері және құптағандары, сондай-ақ мінез-құлығы әрі жаратылыс болмысыдейміз. Күнімізде Алла  елшісіне(с.ғ.с) тиесілі барлық жазба мәтін хадис, сүннет болып қалыптасып кетті. Сондықтан сүннет десек хадис, хадис десек сүннет – деп түсіне береміз. Негізі сүннет, хадис кітаптарында жинақталған хадис мәтіндері емес, олардың беретін мағыналары болып саналады.

Сүннетті «сара жол» дейтін себебіміз Құран Кәрімді әмбебап шеңберде ашықтауында жатыр. Өйткені, Құран да: «Пайғамбар сендерге не берсе оны алыңдар, ал неден қайтарса тиылыңдар!» (Хашр-7 аят) – деген аятпен т.б аяттар  бар.

Мінекей сүннет пайғамбарымыздың салған сара әрі дара жолы. Сүннетті сөзсіз іске көшіруге міндеттіміз. Бірақ, сүннет мына төрт түрде іске асқанын естен шығарсақ оңбай қателесеміз. Олар:

Рисалат (пайғамбарлық),

Ифта (мүфтилік),

Қада (қазылық),

Имамат (ел басқарушылық). Яғни, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір сүннетті іске асырғанда сөзсіз осы төрт сипаттың бірінде болғанын білгеніміз жөн.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні сүннет, «Ислам мәдениеті» болып табылады. Осы мәдениетке қайшы келгенді бидғат деп түсіне беріңіз! – деп, бір топ сұрақ қоюшы бауырларыма түсіндірмек болдым. Түсінсе олардың зеректігінен, түсінбей қалса біздің түсіндіре алмағандығымыздан...

 

Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

 

0 пікір