СИЛӘТУ-РАХМ БІЗГЕ ЕКІ ДҮНИЕДЕ НЕ БЕРЕДІ!
СИЛӘТУ-РАХМ  БІЗГЕ ЕКІ ДҮНИЕДЕ НЕ БЕРЕДІ!
04.09.2019 10:51
353
0

Ағайын тату болса, ат көп. Абысын тату болса, ас көп деген неткен данышпандық –ай дейсің шіркін....

Осы бір ауыз мақалға қатысты сұлу сүннеттен бір парасын жинақтап һәм аударып беріп отырмын.

Силәтур-рахмді сақтағанды Аллаһ сақтайды

«Силәтур-рахм ғаршыда аспақталып былай деген: «Мені сақтап мән бергенді Аллаһта сақтасын, менімен байланысын үзіп кескеннен де Аллаһ рахметін үзсін»(Бұхари, Мүслим).

Басқа бір құдси хадисте: Рахм (туыстық) Аллаһтың есімдерінен бір есім болып келеді. Сол рахм ғаршы да көркем бір тіл мен былай дейді: «Уа, Аллаһым! Менімен байланыс құрған мен Сенде байланыс құр. Ал менен алыстағаннан Сенде алыста.» Сонда жаратушы Аллаһ: «Мен, Рахман және Рахийммін. Рахмді (Туыстықты) есімімнен алдым. Кімде-кім сол туыстық қатынасты сақтаса, онымен байланыс құрамын. Кімде-кім тастап қойса, Мен оны өз бетімен қоя беремін» деді. (Бәззар)

Силәтур-рахмнің сый-сияпаты қандай? Осы және келесі дүниеде бізге не әкеледі?

Ол сыйы мен сияпаты ең жылдам берілетін амалдардың бірі һәм бірегейі. Хадисте: «Сыйы ең жылдам берілетін амал ол – силәтур-рахм. Ал жазасы да ең жылдам берілетін де сол силәтур-рахмді қалдырып қою болмақ» (Әбу Дәуіт, Әдеб).

«Сауабын әп-сәтте беруі үшін Аллаһтың жасалуын қалайтыны жақсылығы болса, жақындарымен қарым-қатынасты жалғастыруы. Жақындарымен байланысын жалғастырушылар күнәһар болсада, мал-жандары артады.» (Ибн Мәжа, Термези және Хаким)

Силәтур-рахм Аллаһтың құзырындағы ең сүйкімді амал

Бір кісі сахабалармен бірге отырған Аллаһ расуліне келіп: «Аллаһтың пайғамбары екеніңді алға тартудасың ғой, солай ма?»

«Дәл солай» деді.

«Аллаһқа иман келтіру»

«Одан кейін»

«Жақындарымен қарым-қатынасын үзбеу»

«Содан кейін»

«Жақсылыққа шақыру, жамандықтан қайтару» деді (Әбу Яғлә).

Силәтур-рахмге мән берген кісі адамдардың ең абзалы болмақ 

Құтты елші «Адамдардың ең абзалы кім екен? – деп сұрағанға мына жауапты қатқан-ды:

«Аллаһтан қатты қорқушы, туыстық қатынасты ең көркем түрде сақатушы, жақсылыққа шақырып һәм жамандықтан қайтару ісін кәміл түрде жасаушы жан» (Ахмед, Табарани).

Силәтур-рахмге мән беруші адамдардың ең жоғарғы мәртебелісі

«Сендерге бір нәрсе айтамын, оны қаперлеріңде жақсы сақтаңдар. Осы дүние мына төрт жанға тиесілі:

Бір құлға Аллаһ байлық және ілім нәсіп еткен. Ол болса бұл мәселеде Раббысынан қорқып, мал-мүлкімен туыстарына жақсылық жасап және Аллаһтың бұларда бір ақысы болғанын біледі. Міне осы кісі ең жоғарғы мәртебелісі.

Бір кісіге Аллаһ ілім берген, мал-мүлік бермеген бірақ ниеті ізгі. «егер бай болсам, пәленше секілді амал етер едім» дейді. Бұл кісіде ниетіне сай сый-сияпатын алады. Осы аталмыш екі жанның сауабы тепе-тең болады.

Бір пәндеге Аллаһ байлық берген, бірақ білім бермеген. Бұл адам байлығын оңды-солды жұмсайды, байлығы жөнінде Аллаһтан қорықпай, сол мал-мүлкімен ағайын туыстық міндетін атқармай, байлығында Аллаһтың ақысы бар екенінде білмейді. Міне бұл адам ең төменгі дәрежедегі жан.

Бір адамға Аллаһ білім де байлықта бермеген. Ол болса «егер байлығым болса пәленше (малын жөн-жосықсыз шашушы кісі) секілді жұмсар едім» дейді. Бұл кісіде ниетіне сай нәтижеге қол жеткізеді. Соңғы екі топтың да күнәсі бірдей болады» (Термези).

«Күнәға кірмеген жағдайда ең қайырлыларың туыс-туған және руын қорғаған кісі» (Әбу Дәуіт).

Силәтур-рахм ризықтың молаюына ажалдың кешігуіне себепкер

«Кімде-кім ризығының молайып және ажалының кешігуін қаласа ағайын, туыспен қатынасына мән берсін» (Бұхари, Әдеб).

«Ризығының мол және қүмыры ұзақ болуын қалаған кісі жақындарымен байланысын арттырсын» (Бұхари, Термези).

«Ғұмыры ұзақ, ризығының мол және жақсы бір өлімді қалаған жан Аллаһтан қорықсын, харамдардан сақтансын және жақындарымен байланысын жалғастырсын» (Бәззар, Хаким). Және осы мәтін Тәуратта да жазулы дегенді осы екі хадис білгірі жеткізген.

«Шүбәсіз жасырын берілген садақа Аллаһтың азабын сөндіреді. Ағайын туыспен қарым-қатынас өмірді ұзатады. Ізгі-істерді жасау жаман өлімнен қорғайды. «Лә иләәһә иллаллаһ» деу, айтқан кісіден тоқсан тоғыз пәлені қайтарады. Иә, осылардың ең жеңілі қайғы мен уайым болмақ» (Ибнул Әсәәкир).

«Кімде-кім өлгеннен кейінде сауабының жалғасуын және ризығының мол болуын қаласа силә и рахм жасасын» (Бұхари, Мүслим).

Силәтур-рахм ел жұртты көркейтеді

 

«Аллаһ, халқының пиғыл, ниетіне сай қаншама мемлекетті көркейтіп, дүние байлықтарын молайтады. Оларды бар еткені үшін оларға әсте ренжімейді.» Сол жердегілер бұны естіген кезде: Уа, Аллаһтың елшісі бұл сонда қалай болғаны деп сұраған:

«Жақындарымен байланыстарын үзбей, бір-біріне барып келіп қыдырулары себепті» деген» (Табарани, Хаким).

Силәтур-рахм мүлікте байлықты, жанұяда сүйіспеншілікті арттырады 

Имам Ғазали Кимия-ү Сағадат кітабында «Жақындарымен қарым-қатынас мүлікте байлықты, жанұяда сүйіспеншілікті, өмірді ұзақ етеді» деп келтірген.

 «Үлкендеріңізден туыстарыңды және туыстық қарым-қатынасты үйреніңдер! Өйткені туыстық қатынас, жанұяда махаббатты арттырып, мүлікті көбейтіп һәм өмірді ұзатады» (Термези).

Силәтур-рахм күнәлардың төлемі болмақ

Ибн Оман рһума риуаят еткен:

«Игі елшіге бір кісі келіп:

«Үлкен бір күнә істеп қойдым, сол үшін тәубе етсем бола ма?» – деп сұрады. Ізгі елші де:

«Анаң  бар ма?» деді

«Жоқ «деп жауап қатты.

Дара елші: «олай болса нағашы әпке/қарындасың бар ма?- деп сұрады».

«Бар» деді.

Дана елші: «Олай болса сол кісіге жақсылық жаса, тәубе еткен болып саналасың. Күнәларыңда кешіріледі» деді (Ибн Хиббән, Хаким).

Силәтур-рахм жаман өлім, тәубесіз өлімді, жамандық және зияндыны жояды

«Аллаһ, садақа және силә и рахм арқылы адам баласының өмірін ұзатады. Тағы осылар арқылы жаман өлімді яғни тәубесіз өлуді, жамандық және зиянды атаулыны (сол кісіден) жояды» (Әбу Яғлә).

Силәтур-рахмге мән берушінің ақирет күні есебі оңай болады

Әбу Хурайра рһ Ардақты елшінің былай дегенін жеткізген:

«Үш нәрсе кімнің бойынан табылса, Аллаһ оның есебін оңай етіп рахметіменен жаннатқа кіргізеді». Естігендер:

«Ата-анамыз сенің жлыңда пида болсын, ол қандай нәрселер Уа, Расулаллаһ? – деп сұрағанда: Ақжарқын елші:

«Сізге жәрдем етпегенге жәрдем етуіңіз, сізбен қарым-қатынасын үзген кісімен қатынасты жалғауыңыз және сізге зұлымдық еткенді кешіруіңіз. Міне осыларды жасар болсаңыздар Аллаһ сізді жаннатына қояды» деді» (Бәззар, Табарани, Хаким).

Силәтур-рахм кісіге шапағатшы болады

«Шапағатшылар бес түрлі:

Құран, туыс-туғанмен жақсы қарым-қатынаста болу, сенімді болу, Пайғамбарымыз және әһлу бәйт» (Дәйләми).

Силәтур-рахм жаннатты жақындатып, тозақты алыстатады

Әбу Әйюуб әл-Әнсари рһ, Пайғамбарымыздың бір сапарында бір қыр арабы кездесіп былай деді:

«Мені ұжмаққа жақындататын және тозақтан алыстататын нәрсені, маған айт деді.

Данышпан елші:

Аллаһқа құлшылық етіп және Оған ешбір ортақ қоспай, намазды өтеп, зекетті бересің, туыстарыңа жақсылық жасайсың деді» (Бұхари, Мүслим).

«Уа, адамдар! Бір-бірлеріңе сәлем беріп, туыстық қатынасқа мән беріп, ас жегізіңдер! Түнде адамдар ұйқыда жатқан кезде намаз (тәһәжжуд) өтеңдер де сау-сәлемет жаннатқа кіріңдер» (Термези).

 

Баянауыл ауданы «Мұса-мырза» мешітінің ұстазы

Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

0 пікір