Шарасыз бір мезет келеді-ау деген есеппен...
Шарасыз бір мезет келеді-ау деген есеппен...
28.05.2019 10:31
278
0

Абдуллаһ ибн Омар (р.а):

«Бірде Алла Елшісі (с.ғ.с) иығымнан ұстап:

– «Бұл дүниеде жатжерлік немесе жолаушы (сияқты) бол\1\», – деген.

Ибн Омар: Алла Елшісі(с.ғ.с) «Егер кеш батырсаң, таңға (тірі шығамын деп) күтпе\2\, ал таң атырсаң, кешке (тірі жетемін деп) күтпе, денсаулығыңнан ауруыңа, өміріңнен өліміңе (керегін) алып қал\3\», – деп жиі айтатын дейді.

(Сахих аль-Бухари, 6416 хадис)

1. Бұл дүниеге сенім артпауы, оның қызық–думан, сəн–салтанатына алаңдамауы, ондағы нəрселерге алданбауы жəне оған тəуелді болмауы керек. Кез келген адамның отаны – қабір! Барлық адам өлім дəмін татады;

2. Бұл күндердің күнінде бар мүмкіндік сарқылып, шарасыз бір мезет келеді-ау деген есеппен, денің сау, басың аман кезде сауапты амал жасап қалуға ұмтыл деген сөз.

3. Яғни, ұзақ өмір сүруге үміт артып, сауапты істерді кешеуілдетпе, адам кез келген уақытта дүниемен қош айтысуы мүмкін;

 

0 пікір