САҢЛАҚ САХАБАЛАРДЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
САҢЛАҚ САХАБАЛАРДЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
10.09.2021 10:21
522
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Төрт кісіге деген махаббат мұнапықтың жүрегінде бірге болмайды. Оларды тек мүмин жақсы көреді. (Олар) Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли (Алла олардан разы болсын)». (Ибн Асакир, «Тарихи Дымышқ»)

Сахабалардың ең абзалы Әбу Бәкір Сыддық, Омар Фаруқ және олардан кейін Осман Зуннурайн, Әли Мұртаза. Бұл құрметті төрт кісіге «Хулафа Рашидин» және «Шадияр Ғузин» (Пайғамбарымыздың (с.а.у.) төрт таңдаулы досы) деп ат берілген. 

Мына 10 сахаба көзі тірісінде жұмақпен сүйіншіленгендіктен «Ашара-и Мүбәшшәра» деп аталған. Олар: «Әбу Бәкір Сыддық, Омар Фаруқ, Осман Зуннурайн, Әли Мұртаза, Талха, Зүбәйр, Абдуррахман ибн Ауф, Әбу Убайдә ибн Жәррах, Сағд ибн Әби Уәққас және Сағид ибн Зәйд (Алла олардан разы болсын).

Ұлы сахабалардың Құран кәрімде көркем сипаттары өте көп. Олар бұл Ислам дінінің тәрбиесімен өскен, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ізімен жүрген бақытты жандар. Құран кәрімде олар жайында: «Шыншыл, жанқияр, тәубе жасап, ғибадат етеді, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыяды. Алла Тағаланың бұйрықтары мен тыйымдарына қатты мән береді, садақа береді, Алланы көп зікір етеді» - деген сипаттармен айтылған. 

Кімде-кім олар жайында қайырлы сөз айтса, алдына жақсылық келеді және олардың достық берекетінен әруақыт қайыр табады. Ал кімде-кім жаман сөз айтса, олардың ұлы мәртебесіне шаңның тозаңындай болса да зиян келмейді. Бірақ ондай сөз айтқан нәсіпсіз, ақымақ кісі бетпақтыққа душар болып, сол сөзінің кесірінен Ислам дінінің осы ұлыларының шапағатынан мақрұм қалып, ешуақытта бақыт таппайды. 

Абдуррахман ибн Ауфтан (р.а.) жеткен хадис шәріпте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: 

«Мен жақында дүниеден озамын. Сендер де қайтасыңдар және қиямет күні амалдарыңнан сұраласыңдар. Сендерге ұл мен ата-ана пайда бермейді. Тек Алла Тағаланың алдында күнәсіз жүрекпен келген пайдаға кенеледі. 

Маған қиямет күні шапағат етуім үшін мүмкіндік беріледі. Менің шапағатым сахабаларыма әдепсіз сөз айтып, оларды жамандағандарға харам болады».

 

 

 

0 пікір