Сахабалардан сыр сыңғыры-15
Сахабалардан сыр сыңғыры-15
21.05.2018 20:36
349
0

Ғимран ибни Хусайн (р.һ)

Хузаға тайпасынан Әбу Нужайд Ғимран ибни Хусайн хижраттың жетінші жылында (628) әкесі және Әбу Хурайра мен бірлікте мұсылман болды. Расулі Әкрам мен бірге әртүрлі соғыстарға қатысты.

Кейінірек Басра қазысы болды. Басралықтарға Ислам хұқығын үйретті. Хасан Басри (р.х), Басралықтарға Ғимран ибни Хусайндан асқан пайдалы біреудің бұл қалаға аяқ баспағанын айтатын еді.

Киім-кешегіне қатты мұқияттылық танытып, Аллаһ елшісінің:

«Аллаһ тағала бір құлына нығмет берген соң, оны құлдарының бойынан көруден разы болады» - дегенін айтатұғын-ды.

Ғимран ибни Хусайн, Аллаһ тағаланың хұзырында есеп берудің ауыр-салмақтылығын ойлап;

-                     «Әттең, неге жел ұшырған күл болмадым екен?» - дегені риуаят етіледі.

Ғимран ибни Хусайн, отыз жыл жалғасқан асқазан ауруының салдарынан хижраттың 52 жылында (672) Басра қаласында Хаққа қауышты.

Алла ол кісіден разы болғай!  

Аударған:

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

 

0 пікір