Сахаба Мұғаздың (р.а.) ең соңғы сыры
Сахаба Мұғаздың (р.а.) ең соңғы сыры
28.07.2015 16:47
4493
0

       Әнас ибн Мәлик (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Муғазды түйесіне мінгестіріп алған еді. Жол жөнекей: «Әй, Муғаз!» - деп үш қайтара атын атады. Мұғаз өз кезегінде: «Ләббәйк, уа, Алланың елшісі! Әміріңізге құлдық», - деп, аты аталған сайын елпілдеп жауап қатып отырды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алланың қандай да бір құлы Алладан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі деп кәлима айтып, шын жүректен куәлік етсе, Алла оны тозақ отынан сақтайды» - деп айтты. Бұл қуанышты хабарды естігенде Мұғаз: «Уа, Алланың елшісі! Осы айтқаныңызды адамдарға жеткізіп, оларды сүйіншілесем бола ма?» - деді. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Олай ететін болсаң, олар бұл қуанышты хабарға ғана иек артып, босаңсып кетеді», - деді. Мұғаз Пайғамбарымыздың (с.ғс.) бұл сүйіншісін өлім аузында жатқанда ғана білгенімді жасырып, күнәһар боламын ба, деп қорыққандықтан айтып кеткен еді», - деген (Бұхари, ильм 49; Муслим, иман 53).

"Хадис және сүннет" бөлімінен оқыңыздар:

Дәреттің сүннеттері

Дәреттің сүннеттері. 1- Сүннет.
Дәреттің сүннеттері. 2-сүннет
Дәреттің сүннеттері. 3-сүннет
Дәреттің сүннеттері.4-сүннет
Дәреттің сүннеттері.5-сүннет
Дәреттің сүннеттері.6-сүннет

Ұйқыға қатысты  сүннеттер

Ұйықтауға қатысты Пайғамбар сүннеттері:
Ұйықтауға қатысты Пайғамбар сүннеттері. 1- сүннет.
Ұйықтауға қатысты Пайғамбар сүннеттері. 2- сүннет.

Тамақтану әдебі

0 пікір