Рұқсатсыз баруға болатын үйлер
Рұқсатсыз баруға болатын үйлер
25.11.2019 13:54
10650
0

1.Ең алдымен  мұсылман адам ата-анасының қалын сұрап баруы керек. Тіпті, әке-шешесі хақ жолында болмаса да, Алланың разылығы ата-ананың разылығында. Егер ата-анасы о дүниелік болса, онда қабірін зиярат етіп тұрған жөн. Оған Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) мына сөзі дәлел: «Ата-анасының қабірін жұма күндері зиярат еткен адамның күнәлары кешіріледі. Олардың ақылары өтелген болады» (Тирмизи).

2. Дін жолындағы туыстармен араласу құлшылық болып табылады. Ал егер кейбір жақындары күнәлі істерге итермелейтін болса, үйіне бару міндет емес. Туысқандық қарым-қатынас туралы хадистерде былай делінеді: «Кімді ризығының кеңейтілуі немесе өмірінің ұзартылуы қуантса, ол туыстарымен қатыссын» (Бұхари)

3. Сондай-ақ мұсылман бауырлар, достар мен көршілерге қонаққа барып тұру қажет. «Кімде-кім мұсылман бауырының қалын сұрап барған болса,  үйіне қайтып келгенше Алланың мейірімінде болады». (Таберани) «Тек Алланың разылығы үшін дін жолындағы бауырының көңілін сұрап барған адам Жәннатқа кіреді». (Таберани)

4. Ғалым кісілердің де үйіне барып тұру қажет. Хадисте айтылғандай: «Дін ғалымының жағдайын сұрап барған адамға, менің жағдайымды сұрап келгендей сый-сияпатқа ие болады». (Тебрани)

5. Бірақ, қонаққа баруды жиілетіп алмаған дұрыс. Данагөйлер: «Жақындарға барып тұруды ұмытпа, әйпесе олар сені ұмытады. Және оларға жиі бара берме, жалықтырып аласың», - дейді. Хадистердің бірінде де: «Бір-бірлеріңе уақыт салып қатынап тұрыңдар, ол араларыңдағы махаббатты арттыра түседі», - делінген (Беззар). 

0 пікір