ҚҰЛҒА АҚЫЛ
ҚҰЛҒА АҚЫЛ
24.03.2020 10:50
275
0

Алиден (р.а.) жеткен риуаятта: «Бірде Алиге құлдықтан біржола құтылу үшін қожайынына белгілі мөлшерде төлем ақы төлейтін болып, келісім шартқа отырған бір құл келіп: Келісім шарттағы қарызымды өтей алмай жатырмын. Маған қолұшын берсеңіз - деп өтінішін айтады. Сонда Али оған: Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған үйреткен дұғасын саған да үйретейін бе? (Бұл дұғаның қасиеті): Мойныңда таудай қарызың болса дағы Алла Тағала одан құтылуыңа жәрдем береді.

Ендеше: “Аллаһуммә икфини бихаләәликә ’ан хараамикә, уә ағнини бифадликә ’аммән сиуәәкә

(Уа, Алла Тағалам! Харам (арам) еткендеріңнен тыйылу үшін маған жеткілікті мөлшерде халал (адал) ризығыңнан нәсіп еткейсің! Шексіз рақымыңмен (асқан жомарттығыңмен) мені Өзіңнен басқа ешкімге кіріптар ете гөрме!) - деп дұға еткін - деп айтты» - делінген.

(Тирмизи риуаят еткен)

0 пікір