ҚОРҚЫНЫШ ПЕН ПӘЛЕКЕТТЕН ҚОРҒАНУ ДҰҒАЛАРЫ
ҚОРҚЫНЫШ ПЕН ПӘЛЕКЕТТЕН ҚОРҒАНУ ДҰҒАЛАРЫ
22.07.2021 11:14
687
0

 Имам Раббани хазреттері шәкірттерімен ұзақ сапарға кетіп бара жатып түнде бір керуен сарайға түнейді. Ол шәкірттеріне:

 «Бұл түні бір пәлекет шығады. (Бисмилләһпен) “Бисмиллаһилләзи лә йадурру ма'асмиһи шәйун филәрди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәми'ул-алим” дұғасын оқыңдар» дейді.

Түнде өрт шығады. Бұл хабарды естімеген бөлмелердегі кісілердің заттарының барлығы жанып кетеді. Дұғаны оқығандарға ештеңе болмайды. (Умдәт-ул-Ислам)

Дерт, пәлекет, фитна, ауру, көз тиюі, сиқыр және залымдардың жамандығынан қорғану үшін таңертең-кешке Имам Раббани хазреттері білдіргенін ойлап осы дұғаны 3 реттен оқу керек. Аяти хырз оқылғанда да осы дұғаны оқу керек.

 Хадис шәрифте былай делінген:

 «"Бисмиллаһилләзи лә йадурру ма'асмиһи шәйун филәрди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәми'ул-алим" дұғасын таңертең 3 рет оқыған адамға кешке дейін, кешке оқыған адамға таңертеңге дейін ешқандай бәле-жала келмейді.» (Ибн Мажа)

Қорқынышты жерлерде және дұшпанның алдында амандықпен тыныштықта болу үшін Құрайш сүресін оқу керек. Іс жүзінде текесріп көрілген. Таңертең және кешкісін ең болмағанда 11 рет оқу керек! Хадис шәрифтерде былай делінген:

«“Әузу бикәлимәтил-ләһит-таммәти мин шәрри мә халәқа” дұғасын оқыған адамға сол жерден кеткенге дейін ешнәрсе зиян тигізе алмайды.» (Мүслим)

«Елсіз (далада, адам жоқ) жерде бір нәрсені жоғалтқан немесе жәрдем керек болған адам “Ей Аллаһтың құлдары, маған көмектесіңдер” десін! Барлық жақта сендерге көрінбейтін Аллаһтың құлдары бар. Қорқынышты жерлерде үш рет “Аллаһтың құлдары маған көмектесіңдер” деу керек.» (Табарани)

 «Хасбиаллаһу уә ни’мәл уәкил сөзі барлық қорқыныштарға қарсы сақтық болып табылады.» (Дәйләми)

Қорқынышты нәрседен құтылу және тілекке қол жеткізу үшін Таха сүресінің 37-ші аятынан (уә ләқад-тан) 39-шы аятының соңына (алә айнийа) дейінгі бөлігін су өткізбейтін бір нәрсеге жазып, жеті рет орап немесе іші (жазуы) көрінбейтіндей етіп бүктегеннен кейін ламинаттап, өзімен бірге алып жүру керек. Пайдасы көп екені байқалған.

Имам Раббани хазреттері жыннан қорғану үшін және қорқынышты кездерде «Лә хаула уәлә қууата илла биллаһил алийил азыйм» оқуын әмір ететін еді. Мұхаммед Масум хазреттері былай деген:

 "Дерттерден құтылу және мақсатқа жету үшін 500 рет "Лә хаула уәлә қууата илла биллаһ" деу керек, оқудың басында және оқығаннан кейін жүз реттен салауат оқып дұға ету керек. Дерттердің, бәле-жаланың кетуі үшін истиғфар оқу да өте пайдалы, көп тәжірибеден өткен.

Хадис шәрифте: «Истиғфар айтып жүретін, көп оқитын адамды Алла Тағала дерттерден, қиыншылықтардан құтқарады. Оны мүлдем күтпеген жерлерден ризықтандырады» делінген.

Истиғфар адамды барлық мақсаттарына жеткізеді. Тәубе ету, истиғфарды көп оқу керек. Бүкіл дерттерге, қиыншылықтарға қарсы пайдалы. Алла Тағала: «Истиғфар оқыңдар, көмектеріңе келемін» деген. (Худ 52)

«Мәрақил фәлах»-тағы хадис шәрифте «Әр намаздан кейін үш рет "Әстағфируллаһ әл-азыйм әлләзи лә илаһә иллә һуәл хаййәл қаййума уә әтубу иләйһ" деп оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі» делінген. Бұл пақыр (Мұхаммед Масум хазреттері) парыз намаздардан кейін 70 рет истиғфар оқимын.

Хадис шәрифке сай қылып үш рет «Әстағфируллаһ әлазыйм әлләзи лә илаһә иллә һуәл хаййәл қаййума уә әтубу иләйһ» деп оқығаннан кейін қалғанында тек «Әстағфируллаһ» деймін. Әли бин Әби Бәкр «Мәариж-ул хидайа»-да былай деген:

Истиғфарлардан мәшһүр болғаны, пайғамбарымыздан хабар берілген мына истиғфар: «Бір адам “Әстағфируллаһәл-азыйм әлләзи лә илаһә илла һуәррахманур-рахим әл-хаййул-қаййумулләзи лә йамуту уә әтубу иләйһ Раббиғфир ли” дұғасын 25 рет оқыса, бөлмесінде, отбасында, үйінде және қаласында ешқандай апат, бәле-жала болмайды.» Мұны әр күні таңертең және кешке үш реттен оқу керек. (Күніне 25 рет оқу керек, одан бөлек таңертең-кешке үш реттен оқу керек.)

Ғалымдардың көбі шәкірттері мен бала-шағасына осы дұғаны оқуға кеңес берген, көп пайдасын көрген." (2 том, 80 хат)

0 пікір