Қазір біздің болашағымыздан басқа бөгде бір ұрпақ пайда болды!
Қазір біздің болашағымыздан басқа бөгде бір ұрпақ пайда болды!
26.12.2017 06:08
3098
0

Абу Хурайра (р.а) Пайғамбар (с.ғ.с) туралы: Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с):  «Ақыр заманда дүниені сүт сауып ішкендей жалмайтын, тілдері шекердей тәтті, бірақ жүректері қасқырдай қатты қауым шығады, Алла: «Алданасыңдар ма, әлде батырсынасыңдар ма, мен оларға даналар мен хакимдерді тығырыққа тірейтін фитна жіберемін» - деп айтады»,- деген екен.

Осы орайда соңғы кезде әлемдегі рухани құлдырауға қатты қайғырған Пәкістандық данышпан әулие Иқбал(р.а) былай деп зарлайды деген сөз еске түседі:

 «Қандай өкініш! Енді ғашықтық тебірену мен рухани шаттық қалған жок. Мұсылмандардың тамырларындағы қасиетті қан да құрыды. Мешіттерде оқылып жатқан намаздарға қараңдаршы. Қатарлар қисық, сәжделер құлықсыз, көңіл тынышсыз. Шабыт беретін иләһи толқын жоғалған». 

«Әй, махаббат! Әй көңіліміздің терең мағынасы! Ей біз еккен тұқым! Ей біз орған өнім! Осы ахуалға бір қара; құрамы топырақ болған адамдар енді ескірді. Қазір біздің болашағымыздан басқа бөгде бір ұрпақ пайда болды!»

Мұсылманның кәпір сияқты, кәпірдің мұсылман сияқты өмір сүруі қоғамның дамуына игі ықпал етпейді. Өмірдің мәнін ашпайды. Сондықтан, Алла құзырында негізгі пайда тек қана бақыттылық ғасырындағы тебірену мен Алламен қауышыу арманы мен «қалби салим» (мінсіз таза жүрек ) күйінде мұсылман болып өмір сүру ғана пайда береді.

0 пікір