ҚАБІР АЗАБЫНАН САҚТАНУ
ҚАБІР АЗАБЫНАН САҚТАНУ
13.03.2023 08:11
745
0

 قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: عَذَابُ الْقَبْرِ حَقٌّ فَمَنْ لَمْ يُؤْمِنْ بِهِ عُذِّبَ. (كنز)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Қабір азабы хақ. Бұған сенбеген кісі азабын тартады». (Кәнз ул-уммал)

Фиқһ ғалымы Әбу Ләйс Самарқанди (рах.) былай деген:

“Қабір азабынан сақтанғысы келген адамның төрт нәрсеге мұқият болып, төрт нәрседен барынша аулақ болуға тиіс.

Мұқият болуы керек төрт нәрсе; бес уақыт намаз (уақтылы және ретін бұлжытпай) оқу, садақа беру, Құран кәрім оқу, Aлла тағаланы жиі еске алу. Осы төрт жайға ұқыпты болған адамның қабірі нұрланып, кеңейеді.

Бойын аулақ ұстауға тиіс төрт нәрсе; өтірік, опасыздық, өсек (сөз тасу) және зәрдің шашырауы”.

Расында Пайғамбарымыз (с.а.у.) “Зәрден сақтаныңдар. Өйткені қабір азабының көбі (кісінің үстіне шашырап, киіміне жұққанда мән берілмеген) зәрден” деген.

 

0 пікір