Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызына айтқан ақылы
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызына айтқан ақылы
13.08.2019 10:06
338
0

Әли (р.а.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туралы мынадай бір қызықты оқиға айтқан:

       «Фатима (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.) ең сүйікті қызы еді. Оның қолы келі түйгеннен күстеніп кететін. Иінағашпен су тасимын деп мойнында жаралар пайда болатын. Үйдің ішін сыпырғаннан киімі үнемі шаң болып қалатын.       Бірде Алла елшісіне (с.ғ.с.) күңдер жіберілгенін естіп Фатимаға:

-         Сен әкеңе барып өзіңе ауыр үй шаруаларын атқаруға бір құл сұрасаң қайтеді? - дедім.

       Ол әкесіне бара жатып оның біреулермен сөйлесіп тұрғанын көріп кері қайтады. Келесі күні Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі келіп:

-         Қызым, саған көмек керек пе еді? - деп сұрады.

       Фатима ештеңе айтпады. Сосын мен олардың сөзіне араласып:

-         Уа, Алланың елшісі! Барлығын мен айтып бере аламын, - дедім де болған жайды айтып бердім:

-         Фатиманың қолы бидай түйгеннен күстеніп кетеді, ауыр шелек көтергеннен иығы да жарақаттанып қалады. Сізге күңдер келгенін естіп біреуін сұрауға кеңес берген едім. Сонда Фатима ауыр жұмыстан құтылар деп ойладым.

       Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.):

-         Уа, Фатима! Алладан қорық, Оның бұйрықтарын қалтқысыз орында, үй шаруаларын адал атқар. Төсекке жатарда: 33 рет «субханаллах», 33 рет «әлхамдулиллах» және 34 рет «аллаху әкбар» деп айт. Осылайша Аллаға деген мадақ 100-ге жетеді. Ал ол саған күңнен әлдеқайда артық, - деді.

       Содан кейін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қызына құл бермеді» (Абу Дауд, Харадж, 19-20).

 

0 пікір