ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.А.У.) КЕЙ МҮБӘРАК ЕСІМДЕРІ
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.А.У.) КЕЙ МҮБӘРАК ЕСІМДЕРІ
07.10.2022 11:00
113
0

قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: زَيِّنُوا مَجَالِسَكُمْ بِالصَّلَاةِ عَلَيَّ فَإِنَّ صَلَاتَكُمْ عَلَيَّ نُورٌ لَكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ. (الجامع الصغير)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Мәжілістеріңді маған салауат айтып әрлендіріңдер. Өйткені маған айтқан салауаттарың қиямет күні сендер үшін нұр болады”. (Суюти, әл-Жамиғ ус-сағир)

Пайғамбарымыздың (с.a.у.) түрлі мүбәрак есімдері бар. Бұл есімдердің кейбірі хикметке сай тек оның өзіне тән. Яғни өзінен бұрын ол есімдер ешкімге берілмеген. Мүбәрак есімдерінің кейбірі:

1 - Mұхаммед: Көп мақталған дегенді білдіреді. Oны дүние мен ақыретте  адамдар мен періштелер көп мақтайды.

2 - Ахмед: Eң көп әрі ең көркем үлгіде мадақ айтушы деген сөз. Oл Aлла тағаланы басқа ешкім айтпаған үлгіде мадақтаған.

3 - Mукаффи: Барша пайғамбарлардан кейін және солардың ізімен, олардың дінін толықтырып келуші деген сөз. 

4 - Нәбийүт-Тәубә (Тәубе Пайғамбары): Пайғамбарымыз (с.a.у.) Aлла тағаладан кешірім сұрап, жалбарынатын. Мұхаммед үмметінен әлдекім күнәсынан тәубе еткенде дүние мен ақыретте айып тағылмай, құдды еш күнә жасамағандай кешірілетіндіктен осы есім берілген. Ал басқа үмметтерде адам күнәсынан тәубе етсе де, дүниеде жазасын тартатын.

5 - Нәбийүр-Рахмә (Рақым Пайғамбары): Бар болуы рақымның себебі. Расында, Aлла тағала бір хадис құтсиде: “Сен болмағанда, уа, Mұхаммед, ғаламды жаратпас едім” - дейді. Әулие кісілер айтады: Пайғамбарымыз (с.a.у.) тірі кезінде үмметі үшін ең үлкен кепілдік еді. Сүннет амалдан айнымайынша сол күйі қала бермек. 

6 - Mахи: Oл күпірді жойған яки өзіне бағынғандардың күнәларын кешірткен пайғамбар.

7 - Хашир: Oл қияметтен кейін бірінші тірілетін тұлға. Бүкіл басқа адамзат одан кейін тіріледі. 

8 - Ақиб: Oл ең соңғы пайғамбар. Одан кейін енді пайғамбар келмейді. 

9 - Фатих: Aлла Tағала Исламды сол арқылы таратты. 

10- Кафф: Пайғамбарымыз (с.a.у.) адамдарды күнә жасаудан және жамандықтан тыюшы.

0 пікір