ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ҚАСИЕТТІ СЫРТ КЕЛБЕТІ
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ҚАСИЕТТІ СЫРТ КЕЛБЕТІ
04.10.2022 13:04
340
0

قَالَ الْبَرَاءُ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ: كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَحْسَنَ النَّاسِ وَجْهًا وَأَحْسَنَهُ خَلْقًا. (م)

Бәра (р.а.) айтқан: “Пайғамбарымыз (с.а.у.) бет-әлпеті мен бітім-болмысы жағынан адамзаттыңдың ең сымбатты еді”. (Сахих Мүслім)

Әнәс ибн Малик (р.а.) риуаят еткен:

“Пайғамбарымыздың дене бітімі сымбатты болатын. Бойы тым ұзын да, қысқа да емес, орташа еді. Шашы cәл бұйра. Мүбәрак тәні қызыл шырайлы аққұба. Жүргенде алға сәл еңкейіңкіреп жүретін”.

Әли (к.у.) Пайғамбарымызды (с.а.у.) былай сипаттайды: 

“Мүбәрак жүзі дөңгелектеу, реңі қызыл шырайлы аққұба еді. Көз жанарының түсі қара, кірпіктері ұзын, сүйек бітімі ірі екі жауырының ортасы кең болатын. (Қолы, аяғы және кеудесінен басқа) мүбәрак денесінде артық түк жоқ болатын. Кеудесінің түгі қалың, кіндігіне дейін жететін ұзынша еді. Саусақ, бармақтары үлкен болатын. Бір жерге барарда орнынан айбынмен тұрып, сәл алға еңкейіңкіреп еңіске түсіп келе жатқандай жүретін. Бір жаққа бұрылып (қарайтын) болса, бүкіл денесімен бұрылатын. Екі жауырының ортасында пайғамбарлық белгі мөрі бар еді.

Пайғамбарымыз (с.a.у.) пайғамбарлардың соңғысы. Oл адамдардың ішіндегі жүрегі ең кеңі (яғни үмметінен келетін азап-қорлыққа өте төзімді әрі жүрегіндегі илаһи  мағрифетті оларға үйретуде ең жомарты). Сөзі ең дұрысы, мінезі ең жұмсағы, дос-жарға ең жомарты болған. Oны алғаш көргендер әдепкі сәтте айбынынан сескенетін, бірақ жанында болып танығандар оны құлай жақсы көретін. Oны мақтағандар “Бұрын-соңды оған ұқсайтын жанды көрмедік” дейтін.

Жабир ибн Сәмурә (р.а.) айлы түнде Пайғамбарымызды (с.а.у.) көріп былай деген: “Пайғамбарымызға бір, Айға бір қарадым. Уаллаһи, менің көзіме Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мүбәрак жүзі Айдан да жарық болып көрінді”.

0 пікір