ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) АЙТҚАН 9 ӨСИЕТ
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) АЙТҚАН 9 ӨСИЕТ
27.02.2020 09:45
508
0

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста көркем мінездің орны ерекше. Соның бір дәлеліндей Пайғамбарымыз ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан тоғыз өсиетті келтіре кеткім келеді.

Адамзаттың асыл нұрыған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Тәңірім маған тоғыз өсиет қалдырды. Мен соны сендерге жеткіземін» деген. Олар мынандай қағидалар:

1. Өзіңе де, өзгелерге де адал бол.

2. Ренжісең де, қуансаң да әділ бол.

3. Бай болсаң да, кедей болсаң да сабырлы қалпыңнан айныма.

4. Сені кеудеден итергісі келгендермен де достық қарым-қатынасыңды үзбе.

5. Саған шығын келтіргендерге сен пайда жаса.

6. Саған зиян жасағандарды кешіре біл.

7. Үнсіз тұрсаң да санаң ойға толы болсын,

8. Әр сөзің Алла Тағаланы еске түсірсін.

9. Таным-түйсік мүмкіндігі оқу үшін берілген. (Ізден).

Егер осы тоғыз қағиданы үнемі басшылыққа алар болсақ, адамдық парыздың биігінде жүреріңіз сөзсіз. Мұның бәрі иман күшейтеді. Әрі бұл қағидалар тек мұсылман баласы үшін емес кез-келген дін өкіліне де пайдалы.

 

0 пікір