Пайғамбар жолы - орта жолы
Пайғамбар жолы - орта жолы
08.04.2019 11:29
516
0

Менен кейін өмір сүретіндер (мұсылмандар арасындағы) талай алауыздық пен араздыққа куә болады. Сол кезде менің және тура жолда болған әділ халифалардың жолын таңдап, тістеріңмен, жабысып, одан айрылмаңдар. Сондай-ақ, дінге кейін енгізілген жаңалықтардан сақ болыңдар. Расында дінге енгізілген әрбір жаңалық ап-анық адасушылық.

Кімде- кім осы ісімізге оның негізімен ұштаспайтын қандай да бір жаңалық енгізетін болса, онысы қабылданбайды.

Шүбәсіз, бұл дін - жеңіл дін. Адам - баласы қанша жерден шамасынан тыс құлшылық жасаймын деп, дінде тыраштанса да, бәрібір дін әрқашан одан үстем болады. Ендеше әрбір істе (әсірелік пен селқостықтан ұзақ) тура әрі орта жолды ұстаныңдар. Әр істі кемеліне жеткізе орындаңдар, егер бұған шамаларын жетпесе, мейілінше тиянақты істеуге тырысыңдар. Солай істейтін болсаңдар, қуана беріңдер.

Менімен сендердің жағдайларың: Бейне бір от жаққан адам мен ұшып келіп өзін-өзі отқа тастап жатқан шегірткелер мен пәруаналардың жағдайы тәрзіді. Әлгі адам қанша жерден жанталасып, қалқалап-қақпайлауға тырысса да, олар бой бермей лаулаған отқа түсіп жатады. Сол секілді мен де сендерді тозақ отынан аман алып қалу үшін жанталасып, ұстап қалуға тырысамын. Ал сендер болсаңдар, қолымен шығып кете бересіңдер. Жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю.

Араларыңнан ешқайсысың өзіне қалағанын мұсылман бауырына да тілемейінше толық иман еткен болып саналмайды.

Араларынан әлдекім қандай да бір жаман қылық көрсе, оны қолымен дурыстасын. Егер оған шамасы келмесе, тілімен түзетсін. Тілімен де дұрыстай алмаса, жүрегімен дұрыстауға тырыссын (яғни, сол жағымсыз істі жүрегімен жазғырсын). Бұл - иманның ең әлсізі.

 

0 пікір