Өлім сәтінде адам садақа жайында ойлайды. Неге?
Өлім сәтінде адам садақа жайында ойлайды. Неге?
13.03.2019 23:43
472
0

«Мунафиқун» сүресінің 10-шы аятында жантәсілім болған пенденің бір тілегі жайында айтылған. Ол – садақа беру. Сондағы пәнилік болған адамның айтатыны:

رَبِّ لَوْلَا أَخَّرْتَنِي إِلَى أَجَلٍ قَرِيبٍ فَأَصَّدَّقَ وَأَكُن مِّنَ الصَّالِحِينَ

«Уа, Раббым! Меніңөлімімді аз ғана уақытта кешіктірсең мен садақа беріп, ізгілерден болар едім».

Мұның мәнісі неде? Неге ол намаз оқитын едім, қажылыққа бара едім, ораза ұстар едім демейді?

Ғалымдардың айтуынша мұның мәнісі: о дүниелі болған адам садақаның сауабына көз жеткізуіне.

Жалпы садақаның шарапаты мол. Оның пайдасы екі дүниеге де тиесілі. Мәселен, садақа:

1. Күнә мен қателік кәффараты (өтемі).

2. Басқа түсіп келе жатқан бәлеге қарсы қалқан.

3. Хақ Тағаланың разылығына лайық етеді.

4. Қабыр отын сөндіреді.

5. Қияметтегі мүмннің панасы.

Тағысы тағы бар!

Жалпы әрбір ізгі амал, тіпті мүмин мүминнің жүзіне күліп қараудың өзі де садақаға жатады... 

 

0 пікір