Намаз оқымастан діндар болуға бола ма?
Намаз оқымастан діндар болуға бола ма?
30.11.2017 14:34
1099
0

Сұрақ: Намаз оқымастан тек жақсылық жасап діндар болуға бола ма?

Жауап: Капиталсыз пайда түсіру мүмкін болмағаны секілді намаз оқымастан діндар болу да мүмкін емес. Намаз оқымайтын адамның жасаған жақсылықтарына сауап берілмейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Намаз оқымайтын адамның ғибадаттарына сауап берілмейді.» (Әбу Нуайм)

Намаз – діннің тірегі. Намаз оқитын адам дінін бекемдеткен болады. Ал намаз оқымайтын адамның діні құлдырайды. Намаздарды мүстаһаб уақыттарында және шарттарына, әдептеріне мойынсұнып, мүмкін болса жамағатпен оқу керек. Хазреті Мұхаммед Масум «бұлардан біреуі орындалмай қалса аза (траур) тұтса орынды болады» деген.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Бір мұсылман намаз оқи бастағанда жәннат есіктері ашылады. Раббымен арасындағы перделер көтеріледі. Бұл хал намаз біткенге дейін жалғасады.» (Табарани)

0 пікір