Нәжіспен қоректенетін жануарлардың үкімі
Нәжіспен қоректенетін жануарлардың үкімі
04.04.2019 11:43
284
0

Хадистердің бірінде: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жәллаләнің етін жеуден және сүтін ішуден қайтарды»[1], - делінген.

Егер жануар нәжіспен қоректеніп, оның етінен жаман иіс шығатын болса, ол жануар «жәллалә» деп аталады. Оның етін жеу, сүтін ішу, оны міну – мәкруһ[2]. Ондай жануарларға түйе, сиыр, қой, тауық, қаз-үйрек және басқа еті халал хайуандар жатады.

Бірақ нәжісті де, таза жем-шөпті де араластырып жегенде оның етінен ешқандай сасық иіс шықпаса, ондай жануардың етін жеуге болады[3].

Мұсылман ғалымдарының бірауызды шешімімен: «Жаман иісі кетіп, таза болғанға шейін бір жерде белгілі уақыт жабық ұсталған хайуанның еті – халал болады»[4], - делінген. Оның үшін түйе мен сиырды 40 күн, қойды 7 күн, тауықты 3 күн бір жерге қамап, не байлап ұстап тұру шарт.  

 

Дайындаған Х. Аманқұлов

 


[1] Тирмизи риуаят еткен (1824).

[2] «Бәдаиғ ас-санаиғ», 5/40

[3] «әл-Мәбсут», 11/255

[4] «әл-Мәжмуғ», 2/29

 

0 пікір