МӘУЛІТ КЕШІ
МӘУЛІТ КЕШІ
06.10.2022 17:50
374
0

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ صَلَّى عَلَيَّ لَمْ تَزَلِ الْمَلَائِكَةُ تُصَلِّى عَلَيْهِ مَا دَامَ يُصَلِّى عَلَىَّ. (ش)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Маған үнемі салауат айтатын адамға періштелер де ол үшін үнемі (Алладан) кешірім тілейді”. (Mусаннаф ибн Әби Шәйбә)

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) Раби ул-Әууал айының он екінші түні, дүйсенбі күні дүниеге келді. Осыған орай, осы айдың 12-түні һижри жылының алғашқы мерекесі.

Бұл айда мүмкіндігінше көп салауат айту керек. «Нария», Мүнжия» және «Фәтхия» салауаттарын оқу керек. Бұл түннің рухани байлығынан пайдалану үшін тәсбих намазын оқып, «хатым әнбия» жасау керек. Тәсбих намазына былай  ниет етіледі:

«Уа, Раббым! Сенің разышылығың үшін тәсбих намазын оқуға ниет еттім. Уа, Раббым! Осы түнде дүниеге келген Пайғамбарымыздың құрметіне, осы түннің қасиетінің құрметіне, бұл әлсіз құлыңды кешірім мен мейіріміңе бөле. Аллаһу Әкбар!" - деп намазға тәкбәр алады. (Дұға және ғибадаттар)

 

 

0 пікір