Бисмилләһил-ләзи ля ядурру ма'а-смиһи шәй'ун фил-ардый уә лә фис-сәмәә'й уә һуәс-сәмии'уль 'алиим. (3 рет)
Мағынасы:
Алланың атымен, ол сондай Алла, Оның есімі аталғанда жердегі және көктегі еш бір нәрсе зиянын тигізі алмайды. Ол – барлығын Естуші әрі толық Білуші!
Әділдіктің рәмізі болған төрт халифаның бірі Османнан (р.а) жеткен бұл дұға жайлы Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім бұл дұғаны күн сайын таңерең және кешке үш мәрте оқитын болса, оған еш нәрсе зиянын тигізе алмайды» - деген.