КҮНӘ НӘРСЕНІ НЕМЕСЕ ТУЫСҚАНДЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ҮЗІЛУІН ТІЛЕМЕСЕ....
КҮНӘ НӘРСЕНІ НЕМЕСЕ ТУЫСҚАНДЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ҮЗІЛУІН ТІЛЕМЕСЕ....
20.08.2020 10:06
812
0

Сондай-ақ Алла Тағаланың:

ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ

«Маған дұға етіңдер, сендерге жауап беремін»(«Ғафир» сүресі, 60-аят) деген уәдесі бар.

Иә, Алла Тағала - құлдарының барлық дұға-тілектеріне жауап беруші. Осы тұста кейбіреулер: «Қанша дұға етсек те сұрағанымыз берілмейді. Сонда бұл аятты қалай түсінуге болады?»,- деп жатады. Мына нәрсені білгеніміз жөн: дұғаға жауап беру бір бөлек те, оны қабыл алу бір басқа. Аятта Алла Тағала өзіне жасалған барлық дұға-тілектерге жауап беретінін айтты. Ал, дұғада сұралған нәрсенің беріліп, берілмеуі, яғни тілектің қабыл болып, болмауы Алла Тағаланың хикметі мен қалауына қарай қилы жолмен жүзеге асады. Осыған қатысты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Алла Тағала өзіне дұға жасаған барлық адамның тілегіне жауап береді. Оның дұғаларға жауап беруі - дұға жасаған адамға сұрағанын беруі арқылы, яки, дұғасының сауабын ақиретке жинауы немесе жасаған дұғасының көлеміндей күнәсін кешіруімен болады (Тирмизидегі басқа бір риуаятта «жасаған дұғасының көлеміндей күнәсін кешіреді» дегеннің орнына «жасаған дұғасының көлемінде жаманшылықтан сақтайды» делінген).

 Бірақ кісі күнә нәрсені немесе туысқандық қатынастың үзілуін тілемесе әрі дұғам қабыл болмады деп асығыстық жасамаса болғаны» 

(Тахфатул-ахуази Шарху жәмиғит-тирмизи, 2-том, 2426-бет «байтул-афкарид-даулия» баспасы.),-дейді. Яғни, Алла Тағала құлдың сұраған нәрсесін береді немесе сауабын ақиретке қалдырады әрі күнәларын кешіреді. Олай болса, қай жағдайда да дұға етудің пайдасы шаш-етектен. 

 

0 пікір