КҮЛЛІ ЖАМАНДЫҚ АТАУЛЫДАН САҚТАЙТЫН ДҰҒАЛАР
КҮЛЛІ ЖАМАНДЫҚ АТАУЛЫДАН САҚТАЙТЫН ДҰҒАЛАР
31.03.2021 07:24
747
0

Сахаба Абдуллаһ ибн Хубәйб (р.а.) осы сүрелердің таңертең және кешке үш реттен оқылатындығына қатысты мына бір оқиғаны жеткізген: «Бірде Алла елшісі (с.а.у.) маған: Таңертең және кешке “Қуль һуа Аллаһу ахад” және “Му‘аууизәтәйнді” (Ықылас және Фәләқ, Нәс сүрелерін) үш реттен оқып жүр. Бұл сүрелер сені (Алланыңқалауымен) күллі жамандық атаулыдан әрі зиянды нәрселерден сақтайды − деп айтты», – деген.

ҚЫЛАС" СҮРЕСІ ‎‎

Оқылуы: Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим. Қуль һуә-Аллаһу ахад. Аллаһус-Самад. Ләм йәлид уә ләм юуләд. Уә ләм иәкул-ләһу куфуән ахад (3 рет).

Мағынасы: Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен! (Оларға): «Ол – Алла жалғыз. Алла – Самад (ешкімге, еш нәрсеге мұқтаж емес, керісінше күллі жаратылыс Оған мұқтаж). Ол − тумаған да, туылмаған. Әрі Оған тең келер ешкім жоқ» ("Ықылас" сүресі), – деп айт. 

ӘЛАҚ" СҮРЕСІ

Оқылуы: Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим. Қуль ә‘уузу бираббил-фәләқ. Мин шәрри мә халәқ. Уә мин шәрри ғаасиқин изә уәқаб. Уә мин шәррин-нәффәәс әәти фил-‘уқад. Уә мин шәрри хаасидин изә хасәд (3 рет).

Мағынасы: Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен! (Оларға): «Қараңғы түнекті қақ жарып атқан арайлы таңның Раббысына; Өзі жаратқан күллі жаратылыстың кесірінен, қараңғы түскенде түннің кесірінен, түйіншіктерге үрлеп, дем салушылардың кесірінен, сондай-ақ, күндеген кездегі күншілдердің кесірінен (сақтай гөр деп) сиынамын!» ("Фәләқ" сүресі), – деп айт.

«НАС» СҮРЕСІ

Оқылуы: Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим. Қуль ә‘уузу би Раббин-нәәс. Мәликин-нәәс. Иләһин-нәәс. Мин шәррил-уәсуәәсилхан-нәәс. Әлләзи юуәсуису фи судуурин-нәәс. Минәл-жиннәти уән-нәәс (3 рет).

Мағынасы: Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен! (Оларға): «Адамдардың Раббысына, адамдардың Патшасына (Иесіне), адамдардың Тәңіріне; (Алланың аты аталғанда) кері шегініп жасырынатын, тыным таппай адамдардың жүрегіне сыбырлап, азғырумен болатын азғырушының кесірінен (сақтай гөр деп) сиынамын. (Ондай азғырушылар) адамдар мен жындардан болады» ("Нас" сүресі), – деп айт.

БАРЛЫҚ АУРУДАН – БІР ДҰҒА

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген. Сондықтан төменде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінен аурудан айығу мен алдын алу үшін бірнеше кеңес берілген. Алайда ол дәрігер мен дәрілерге жүгінбеу керек деген сөз емес.

Біріншіден, тым тойып тамақтанбаңыз. Аса тойып тамақтану денсаулығыңызға да, жан-дүниеңізге де зиян. Ауырып қалсаңыз, көкөністер мен жемістерді, дәнді-дақылдарды көбірек тұтыныңыз.

Екіншіден, күнделікті ас мәзіріңізге бал мен қара зирені (черный тмин) қосыңыз. Олар көптеген аурудан айықтырып, олардың алдын алуға көмектеседі.

Үшіншіден, дұға етіңіз. Кез келген аурудың емі Алладан. Аурудан айығу үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай жасаған: ауырып тұрған жерге қолды қойып үш рет «бисмилләні» айтып, жеті рет мына дұғаны оқыңыз: «Ағузу билләһи уәқудрәтиһи мин шәрри мәәжиду уә ухәзиру». «Мен өзім сезініп, қорқатын нәрседен құтылу үшін Алла мен Оның құдіретіне жүгінемін».

Алла адамға кез келген қайғы, мұңды, қиыншылықты, ауру-сырқау мен қуанышты сынақ үшін жібереді. Ол – Құдіретті, барлығын да Білуші және Беруші.

 

0 пікір