КЕМШІЛІКТІ ЖАСЫРУ
КЕМШІЛІКТІ ЖАСЫРУ
13.03.2019 09:08
336
0

Бірде елді қуаңшылық жайлап Мұса пайғамбар (Оған Алланың сәлемі болсын) қауымын ертіп, тасаттыққа шығады. Дұға жасап, Алладан жаңбыр тілейді. Бірақ дұға қабыл болмай, жаңбыр жауа қоймайды.

Сонда Мұса пайғамбар Оған Алланың сәлемі болсын) қолын жайып:

«Я, Алла Тағалам! Сен менен тіле, сонда жаңбыр жаудырам, қуаңшылықтан құтқарам деп едің. Бірақ қанша дұға жасасам да, дұғамды қабыл қылмауыңның хикметі не?» – деп сұрайды.

Сонда Алла Тағала:

«Дұғаңның қабыл болмауы, араларыңда жасаған күнәсына тәубе етпеген біреу бар, сол тәубаға келмейінше дұғаң қабыл болмайды», – деп жауап қатады.

Сонда Мұса пайғамбар:

 «Онда ол адамның кім екенін білдіре гөр», – дегенде, Алла Тағала: «Менің бір есімім – Саттар, яғни пенделерімнің күнәларын жасырып тұрамын. Ешбір құлымның күнәсін әшкерелегенді қаламаймын. Сендер бірің қалмай тегіс тәубаға келіңдер, сонда араларыңдағы әлгі кісі де тәуба етеді», – деген екен.

 

0 пікір