«Жәннатқа кемпір кірмейді»
«Жәннатқа кемпір кірмейді»
07.04.2017 16:43
13897
0

Әл-Хасаннан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Бірде Пайғамбарға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кемпір келіп: «Уа,Расулалла! Алладан мені жәннатқа кіргізуін сұрашы», - деді. Сонда Пайғамбар(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Пәленнің анасы! Расында жәннатқа кемпір кірмейді», - деді. Сонда әлгі кемпір жылап ала жөнелді.

Сонда Пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оны тоқтатыңдар, ол жәннатқа кемпір болып кірмейді, расында Алла Тағала: «Шындығында Біз оларды қайта жараттық. Пәк қыздар қылдық. Бір жастағы құрдастар қылдық», - деген», -деді. (Термези, әш-Шәмәил бабында).

0 пікір