ЖАН ДҮНИЕҢНІҢ АЙНАСЫ ЖАБЫЛЫП ҚАЛМАСЫН!
ЖАН ДҮНИЕҢНІҢ АЙНАСЫ ЖАБЫЛЫП ҚАЛМАСЫН!
13.08.2020 12:15
479
0

Өзінің айыбын көрген адам қандай бақытты. Кімде-кім өзгенің айыбын көрсе, оны өзі сатып алған болады. Өйткені, адамның нәпсісі мен тәні айып пен кемшіліктен тұратыны аян. Оның екінші бір бөлігі яғни, рухани жағы ғайып әлеміне тән. Олай болса, ең алдымен өзіңе жаның ашысын. Бар жақсылық пен жәрдемді өзіңе тілеп, Алладан көмек сұра.

Өз кемшіліктерін көру, өзін-өзі кінәлау сол айыптың емі әрі дәрісі (Өйткені өз кемшілігін білуден асқан кемелдік жоқ).

Бір мүміннен көрген айып сенде жоқ болса, өзіңе сенуден, сенім артудан сақтан! Сол кінәні сен де істеуің әрі сол айып халыққа сен арқылы тарауы да әбден мүмкін».

Ғайбат пен өсек-аяң адамның нәпсісін семіртеді. Олар өздері ғайбаттаған адамдарының күнәларын істемейміз деп ойлайды. Осылайша, өзін басқалардан жоғары санайды. Алайда, арадан көп уақыт өтпей-ақ сол күнәні өздері де жасағанын байқамай қалады. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):«Кімде-кім бір бауырын істеген күнәсына байланысты кінәласа, сол күнәні өзі істемей өлмейді»,- дейді (Тирмизи «Қиямет», 53/2505).

Адамдар ақирет күні барша амалдарына, аузынан шыққан әрбір сөзіне, істеген күнәсі мен істемеген ізгі амалдарының есебін береді. Осы ауыр азап күні келмей тұрып, әркім істегендерін есептеп-таразылауы керек. Өйткені: «Есепке тартылмай тұрып, өздеріңді есепке тартыңдар» (Тирмизи «Қиямет», 25/2459),- деген. Сол бір машақаты мен қайғысы мол күнді еске ала отырып, амал дәптеріміздің беттерін адамдардан кешірім сұрап, тазалап алғанымыз жөн. Алла Тағалаға адамдардың барлығының бір тілде сөйлейтін сол күннің жағдайын былайша түсіндіреді: «Адамдар үрейлі қиямет күнінде өздеріне аса қажет болса да, сауаптарын жалған дүниеде артынан өсек айтқан адамдарға береді. Егер, оған беретін сауабы қалмаса, сол адамның күнәларын мойнына алады».

Алла  Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)өз хадисінде:

-- Мүфлистің кім екенін білесіңдер ме?, - деп сұрады бір күні сахабаларынан. Олар:

- Мүфлис ақшасы, мал-мүлкі жоқ адам ғой, - деп жауап бергенде Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

- Ол қиямет күні намаз, ораза және зекет сауаптарымен қатар, амал дәптерінде ананы мазақтады, мынаған жала жапты, біреудің мал-мүлкін жеп, екіншісін ұрып-соқты деп жазылып, өзгелердің күнәларын арқалап келген адам. Оның істеген жақсылықтарының сауабынан анаған мынаған өтеледі. Егер мойнындағы қарыздар бітпей тұрып, ғибадаттары мен істеген жақсылықтарының сауабы таусылса, олардың күнәларынан алады, тозаққа тасталады»,- деп жауап берді.

Осыған орай хазреті Хасан Басри былай деген:

«Егер өсек айтқың келіп қиналып бара жатсаң, ата-анаңды өсекте!.. Ең болмағанда ақиретте сауабың оларға берілсін. Немесе олардың күнәсін аласың!..».

«Мына дүниенің өсегі тозаң сияқты. Жан дүниеңнің айнасын жауып қалады. Сен ақыл-есіңді жина да, үндемей жүруді әдетке айналдыр»,- дейді ғұлама Мәулана.

Алланың мейіріміне бөленіп, ерекше қуанышқа кенелгісі келетіндердің ерекшелігі өздеріне қарсы істелген неше түрлі қастандықтарға кешіріммен қарауында. Өйткені, кешірім беру арқылы өзіміздің кешірілуімізге жол ашамыз.

Уа, Раббым! Көңіліміз бен тіліміз Алланың хикметі мен сырларының айнасы болсын. Ол жерден барша жаратылыс атаулыға мейірім-шапағат, кешірім, игілік пен жақсылық жайылсын!..

Бізді дүниенің нығметінен құралақан қалып, ақиретте жарлының күйін кешетін құлдарының қатарына қосылудан сақтай гөр!

Әмин...

 

0 пікір