ЖАЙСЫЗДЫҚ ЖАСАҒАНЫМ ҮШІН КЕШІРІМ СҰРАЙМЫН!
ЖАЙСЫЗДЫҚ ЖАСАҒАНЫМ ҮШІН КЕШІРІМ СҰРАЙМЫН!
22.01.2021 00:11
964
0

Пайғамбар(с.ғ.с)-ымыздың «Сатуда, алуда, қарыз төлеуде жомарттық танытқан әрі жеңілдікті қалаған адамға Алла рақымдылығын кеңқылсын» деген хадисінің жүзеге асырылған үлгісін Имам Әбу Ханифаның өмірінен көруге болады.

Бір күні жолда қарсы алдында келе жатқан бір кісі оны көре салып бетін бұрып, бағытын өзгертпек болды. Бұны байқап қалған парасатты имам «Неге мені көрген бір мұсылман бағытын өзгерту керек?» деп ойлап бұл әрекетінен жайсызданды. Іле-шала Әбу Ханифа дереу оны қасына шақыртып:

– Неге мені көре салып жолыңды өзгертпек болдың? – дегенде, әлгі кісі қысылып:

– Мен сізден кезінде 10 000 ақша (сол кездің құны бойынша) қарыз алған едім. Қарыздың белгіленген күні өтіп кетті. Оны әлі сізге қайтара алмадым. Соны ойлап ұялғандықтан көзіңізге түспей-ақ қояйын деп едім, – дейді.

Әбу Ханифа:

– Субханалла! Ол ақша саған менің сыйым болсын. Қайта менен бой тасалайтындай жайсыздық жасағаным үшін кешірім сұраймын, – деп, жомарттық пен жоғары адамгершіліктің ерекше үлгісін көрсеткен еді.

 

 

0 пікір