ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНДЕ ІЛІМДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНДЕ ІЛІМДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
26.06.2020 10:55
371
0

Хәкім бин Бұтланның көзқарасы бойынша ілімдер Исламда үшке жіктеледі:

1. Ислами ілімдер (Фиқһ)

2. Философия және табиғат ілімдері (Жеке оқытылады)

3. Тіл және әдебиет ілімдері (Ислами ілімдердің қызметшісі) (Құрал ілімі)

Ілімдердің жіктелуінің басқа бір түрі

1. Діни ілімдер

2. Діни емес ілімдер

Христиан Батыстың жоғарғы оқу орны университет деп аталса, Мұсылмандардың жоғарғы оқу орны медресе деп аталған.

Ислами уақыф жүйесі медреселерге діни емес ілімдердің кіруне тосқауыл болған. Сол үшін философия медресенің бағдарламасына кіре алмады. Философияны көбіне жеке кісілер өз үйлерінде үйренеді немесе сарайларда. Ислами ілімдерді оқыған шәкірттердің арасынан философия ілімдеріне бет бұрғандар болды. Пәтуәларда философия ілімдерінің кең тараулына кері әсер еткен.

Ислами ілімдер мешіт, медресе, дарулхадис, дарулқұран секілді жерлерде оқытылған. Жалпы ілімнің діни ілімдер және діни емес ілімдер болып екіге бөлінуі бастапқы кезеңнен осы күнге дейін жалғасын табуда, діни ілімдер мәтін және дәстүрге негізделген әрі қалыптасып үлгерген, діни емес ілімдер  болса жетекші ретінде ақылға сүйенеді және діни ілімдер секілді қалыптаса қоймаған. Улумуи исламиия және иулумул шарғиия, улуумул әуәәил (философия ілімдері) терминдік ұғымдар. Діни ілімдер өз жеңістеріне Михна оқиғасынан кейін жеткен сонда да діни емес ілімдердің ықпалында қалған. Фихһ ілімінің негізгі екі саласы жәдәл және хилаф ілімдері діни емес ілімдерден алынған.

 

«Әбу Бәкір Сыддық» медресесі

 

0 пікір