Иманы қуатты адам тауға оқыса, тау орнынан қозғалады..
Иманы қуатты адам тауға оқыса,  тау орнынан қозғалады..
09.01.2017 14:31
2320
0

Ибн Мәсғудтан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Иманы қуатты бір адам мына аятты тауға оқыса, тау орнынан қозғалады: "Сендер өздеріңді босқа жаратылдық және Маған қайтпаймыз деп ойлайсыңдар ма?", - дейді (Мүминун сүресі, 115-аят).

Таудың өзін орнынан ойнатқан бұл аятқа шімірікпеген адамның жүрегі тастан да қатты боп кеткені ме? Босқа жаратылмағанымызды, қайтар тарапымыз Алла Тағаланың құзыры екенін ұмытпайық.

Жұма мүбәрак болсын!

 

Салтан Сайранұлының фб-дағы парақшасынан

0 пікір