Имам Шәфиғидің шәкіртіне айтқан ақылы
Имам Шәфиғидің шәкіртіне айтқан ақылы
11.07.2019 11:57
327
0

Юнус бин Әбдул Яғлә, Имам Шәфиғидің шәкірттерінің бірі еді. Бір күні сабақ барысында бір мәселеде ұстазымен ихтилафқа түсіп дәрісті тастап кетіп қалады.

Сонда имам кешке шәкіртіне қыдыра барып төмендегі насихатты жасайды:

Уа Юнус! Бізді біріктіретін қаншама нәрсе тұрғанда бір мәселе бізді бөлгені қалай?

Уа Юнус! Өзің салған, үстінен өткен көпірлеріңді құлатпа! Бір күні сол көпірден қайта өтуіңе қажет болар. (Кіретін есігіңді қатты жаппа!)

Уа Юнус! Қателікті жек көр. Бірақ, қателікке түскенді жек көрме! Шын жүрегіңмен кінәға қарсы бол да, кінәліге жанашырлық танытып, мейіріміңді төк.

Міндетіміз сырқатты емдеу, әйтпесе ауруды өлтіру емес – дейді.

 

Аударған: Әбдікәрім Берікбай Германұлы

 

0 пікір