ІЛІМ ҮЙРЕТУДІҢ КЕЙБІР СҮННЕТ ПЕН ӘДЕБІ
ІЛІМ ҮЙРЕТУДІҢ КЕЙБІР СҮННЕТ ПЕН ӘДЕБІ
07.12.2022 11:18
157
0

الَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: تَعَلَّمُوا الْعِلْمَ وَتَعَلَّمُوا لِلْعِلْمِ السَّكِينَةَ وَالْوَقَارَ وَتَوَاضَعُوا لِمَنْ تَعَلَّمُونَ مِنْهُ. (طس)

Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деп айтқан: «Ілім үйреніңіз. Іліммен қатар бейбітшілікті, тыныштықты және абыройды да үйреніңіз. Білім үйреткен адамға қарапайымдылықпен қатынасыңыз». (Табарани, Муғжәм ул-әусад)

Ілім үйрететін адам, Алланың құлдарын хақ және ақиқатқа және оларды түзейтін нәрселерге жол көрсетуге ниет ету керек. Өйткені Аллатағаланың бір адам себебімен бір кісіге тура жолды нәсіп етуі, ол үшін күн мен ай туған әрбір нәрседен қайырлы. 

Бір адамды Аллаға ғибадат жасаттыру және бойсұндыру  Аллажанында адамдар мен жындардың ғибадатынан қайырлы. Жақсы бір ұстаздың белгісі, адамдардың мал-мүлкіне көз салмау, ілім үйреткенде өте жұмсақ қатынасу, шәкірттеріне қарапайым және мейірімді болу керек.  

Ілімді тек ілімге құштар болған адамдарға үйрету, олардан жасырмау керек. Ілімді, қызықпағандарға оқытса, босқа кетеді.  Ал оқығысы келгендерден ілімді жасыру – зұлымдық. 

Ұстаз, шәкірттеріне әуелі ең  қажет болғандарын, дүния және ахырет үшін ең маңызды болғандарын үйрету керек.  Әрбір топтағы адамдарға, ақылына және қабілетіне қарай сөйлеу – сүннет. Ғалымның бір ақиқатты сөйлегеннен кейін оны теріске шығарған бірінің өтірік деуі, қабілеті жетпей тұра оны көзге ілмеуі немесе теріс түсінуі ең үлкен жамандық әрі арандатушылық болады. Сондықтан адамдарға, өздері түсіне алатын нәрселерді түсіндіру абзал. 

0 пікір