Ғалымдардың жұмбағы
Ғалымдардың жұмбағы
26.12.2018 12:10
2875
0

Ғалымдарың бірегейі Мәлик ибн Әнас имам Шафиғиға былай деп жазыпты:

«Иә имам! парыз жайында, парыздың парызы жайында, парыз немен толық болатыны жайында, парыз болмаған намаз жайында, тастауы парыз болған намаз жайында, аспан мен жердің ортасындағы намаз жайында және аспандағы жердегі намаз жайында не дейсіз?»

Имам Шафиғидің жауабы:

«Парыз дегеніміз бес уақыт намаз. Парыздың парызы дегеніміз дәрет. Парыз пайғамбарымыз(с.ғ.с)-ға  салауатпен толық болады.  Парыз болмаған намаз ол балиғатқа толмаған сәбидің намазы. Тастауы парыз болған намаз мас адамның намазы. Аспан мен жердің ортасындағы намаз Сүлеймен. (ғ.с) пайғамбардың намазы. Аспандағы жердегі намаз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) намазы».

Е.Советтің парақшасынан

 

0 пікір