ЕРЛЕР БІЛУІ ТИІС ХАДИСТЕР
ЕРЛЕР БІЛУІ ТИІС ХАДИСТЕР
08.05.2020 10:44
1372
0

Отбасылық татулық, береке мен тыныштықты сақтап, бақытты болуда да Қасиетті Құран мен ардақты Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен артық кеңесші мен тура жол көрсетуші таба алмасымыз анық. Ендеше, келесі хадистерге назар аударсақ:

1.     «Мүмін ер өз әйеліне ренжімесін. Себебі мінезінің нашар тұстарымен қатар, жақсы жақтары да болады».

2.     «Әйел әлсіз болып жаратылған. Сондықтан ол әлсіздікті үнсіздікпен жеңіңдер және оның кемшіліктерін елемеуге тырысыңдар».

3.     «Ең жақсы мұсылман – көркем мінезді және жұбайына жақсы қарайтыны».

4.     «Кімде-кім әйелін ұрса, қияметте ол менің дұшпаным болады. Әйелін ұратын ерлер – Аллаға және Оның елшісіне қарсы шығатындар».

5.     «Әйелдеріңе қиянат жасамаңдар! Олар – Алланың сендерге берген аманаты. Олармен жұмсақ болыңдар және оларға жақсылық жасаңдар».

6.     «Әйеліне жұмсақ болған және күлімсіреп қараған кісіге бір құл азат еткендей сауап жазылады».

(Тирмизи, Муслим, имам Нәуәуи «Риядус-салихин»).

 

 

0 пікір