ДҰҒАҢЫЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ...
ДҰҒАҢЫЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ...
23.01.2020 10:57
3095
0

- Түннің соңғы бөлігінде;
- Азан айтылғанда;
- Бес уақыт намаз соңында;
- Жұма күні имам мінберге шыққан соң сол күн аяқталғанға дейін;
- Екінті намазы аяқталғанға дейін;
Міне, осы уақыттарда шынайы ықыласпен, жүрегіңізбен дұға етіп төмендегі шарттарға сай амал етсеңіз Алла қаласа қабыл болары сөзсіз. Олар мынадай шарттар:

1) Дұға етуші жүзін құбылаға қаратуы тиіс;

2) Дәретті болуы абзал;

3) Екі қолын жоғары көтеріп өзінің әлсіз екенін білдіру (немқұрайлы дұға етпеу)

4) Дұғасын Алла Тағаланы мадақтап, дәріптеп бастау (Көркем есімдерімен); 

5) Пайғамбарымызға салауат айту;

6) Қажетін сұрағанда күнәлардан жалбарынып жарылқау тілеу;

7) Алла Тағаладан қажетін сұрағанда үміт пен үрей арасында тілеу;

8) Алланың көркем сипаттары арқылы сұрау (мысалы: "Уа, Раззақ (Ризықтандырушы) маған адал ризық-несібе нәсіп ете гөр!")

9) Дұға жасаған соң шама жеткенше қандай да бір жақсылық жасау;
Осылай жасалған дұға күмәнсіз қабыл болады. Әсіресе, Пайғамбардың дұғаларымен сәйкес келсе немесе Алла Тағаланың Ұлы Есімімен тіленген болса қабыл болады.

Алла Тағала баршамыздың тілеген дұға-тілектерімізді қабыл етіп, Өзінің сүйікті пенделерінен еткей!
Әумин!

 

0 пікір